
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз құзыреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен айналысады. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде мәдениет саласы қарқынды дамып, оның жандануына түрлі қызметтер атқарылып жатыр. Сондай ұйымның бірі, Тұйық ауылдық клуб үйін ауыз толтыра айта аламыз. Байдаулетова Гүльзира Құмарбекқызының басшылығымен және көркемдік жетекші Байкулова Гүлмира Шағанқызы жұмыс жасап келе жатқан клуб үйі жыл сайын ауыл жұртшылығының ықыласына бөленуде. Ауыл тұрғындары мәдениет ошағының көзі болып отырған мекемеге ризашылықтарын білдіруде. Яғни, мереке қарсаңында өткізіліп отыратын түрлі іс-шараларға халық қошеметпен жиналады. Клуб үйінің бүгінгі таңдағы жұмысы тілге тиек етерліктей. Қазіргі кезде үш үйірме жұмысы атап айтсақ Байкулова Гүлмираның жетекшілігімен би үйірмесі, домбыра үйірмесі, Сатыбалдиев Фархаттың жетекшілігімен қол-өнер үйірмелері жұмыс жасайды. Одан бөлек ауылда 2012 жылыдан бастап «Асыл әжелер» ансамблі жұмыс жасап жатыр. Осындай өнерлі азаматтар мен азаматшалардан құрылған мәдени орда барлық мерекелік кештерде ауыл тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлап, түрлі іс-шаралар өткізіп халықтың қошеметіне бөленіп, алғысын алуда.