GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Все материалы
22 мая 2025
Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдер қабылдау басталады

Мемлекет басшысы дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру туралы идеяны алға тартты. Жобада барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашу мақсаты көзделген. Мәселен, жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралады.

Бұл ретте Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалуы шарт болып табылмайды. Резервте тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады.

Елімізде жоғары білікті және білімді жастардың саны артып келеді. Олардың көпшілігі уақыт өте келе еліміздің жаңа озық көшбасшыларының қатарын толықтырады. Менің бастамам бойынша құрылған Президенттік кадр резерві - осының айқын дәлелі. Жобаның келесі кезеңінде қоғам сұранысына бағытталған басшыларды іріктеуге ерекше мән береміз. Билікте отырған әрбір адам ең алдымен ұлттық мүддені басшылыққа алуы керек, - деп айтқан болатын Президент.

Мәдениет
08 декабря 2024
Тасашы ауылының тумасы, Алматы облысының аға биі, ақын Нәби Сатылғанұлымен кездесу

Кеген ауданы Тасашы округінде, Жаңа Тасашы мәдениет үйінде ауыл тумасы, ақын, Алматы облысының аға биі Нәби Сатылғанұлымен кездесу өтті. Кездесуге ауыл әкімі Е. Төребаев, ақсақалдар алқасы, аналар кеңесі мен ауыл тұрғындары қатысты. Мектеп оқушылары ақын ағаның өлеңдерін жатқа айтты. Аға бидің өмірлік жұбайы қатысушы оқушыларға өз сыйлығында ала келген екен. Нәби Сатылғанұлын ауыл әкімі ел мәдениетіне қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.

Әлеуметтік қорғау
08 декабря 2024
Округ бойынша «Жедел алдын алу іс-шарасын бақылау» - ОПМ

Тасашы ауылдық округінде "Тасашы ауылдық округі әкімі аппараты" мамандары мен ауылдық  учаскелік полиция қызметкері бірге ауылдық округтегі ауылдарды аралап, ОПМ- «Жедел алдын алу іс-шарасын бақылау» - іс-шара өткізді. Жалпы округтегі хал ахуал, әлеуметтік жағдай, отбасылық   және тұрмыстық жағдайлар сараланады. Жалпы қорытындыға сәйкес оург әкімі аппараттық жиналысында талдаулар мен жоспарлар қараластырады

Әлеуметтік қорғау
29 апреля 2024
Талдау тобының тексерісі.

24.04.2024 ж Кеген ауданы әкімі аппараты жанынан құрылған Ведомствоаралық Талдау тобы мүшелерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруда  Кеген ауданының  “Тасашы ауылдық округі әкімі аппараты” ММ мен  “Тасашы фельдшерлік-акушерлік пунктінде “ істелінген      жұмыстарына талдау жүргізілді.Талдау барысында  бірқатар кемшіліктер анықталып,  орын алып отырған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар берілді.

Әлеуметтік қорғау
29 апреля 2024
Өнегелі ұрпақ.

Бүгін 29.04.2024 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Өнегелі ұрпақ” апталығына орай Тасашы ауылдық округі Жаңа Тасашы ауылының тұрғыны, зейнеткер, ауданның Құрметті азаматы Қарабалаев Жеңіс ақсақалдың ауласына сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпкерлік
25 апреля 2024
Кеген ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 80 азамат 747 млн теңгеге несие алған

Кеген ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 80 азамат 747 млн теңгеге несие алған

Жергілікті халқының табысын арттырып, күнкөрісін жақсартуға бағытталған маңызды істер «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Осылайша, өңір тұрғындары 2,5 пайызбен несие алу арқылы өз кәсіптерін бастауға мүмкіндік ашылып отыр. Бұл, әрине, шаруа ісінің шырайын келтіретін, жұмыссыз жастарды алға қарай демейтін жақсы бастаманың бірі.

Шаруаларды жеңілдетілген несиемен қамту жұмыстары Кеген ауданында белсенді жүргізілуде. Жобаға қызығушылығын білдірген Естай Нұрлан жоба аясында жеңілдетілген несиемен ауылшаруашылық техникасын алып, ісін бастағалы жатқан кәсіпкер. Ол «СПК Кеген Агромаш» ауылшаруашылық кооперативінің негізін қалап, 2 дана трактор алды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Кеген ауданындағы 80 кәсіпкер 747 млн теңгеден аса соммада несие алды.

Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт
25 апреля 2024
Ең үздігін анықтайық! "Tazalike, ТАЗАРАЙЫҚ"

Ағымдағы жылдың 11 мамырына дейін өтетін "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын өткізу мақсатында Алматы облысының іс-шаралар жоспары жасалды. Жоспарда елді мекендерді, мәдени-тарихи орындарды, су айдындары мен өзендердің аумақтарын санитарлық тазарту бойынша 5 ірі және 30 аудандық іс-шаралар өткізу, сондай-ақ жасыл желектерді отырғызу және күту қамтылған. Шамамен 3,5 мың гектар жерді жинаумен қамту, 15 мың ағаш көшеттерін отырғызу, халықты және сала қызметкерлерін қамту 100 мыңнан астам адамды құрайды деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта акция аясында 30 000 ерікті жалғызбасты және қарт адамдарға үйлерін ретке келтіруге көмектесуде.
Сонымен қатар,  "Алатау тазалық үшін" акциясы басталды. Акцияның мақсаты - тұрғындар арасында азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдай жасау болып табылады. Акция қорытындысы бойынша қала, аудан және облыс бойынша ең үздік ұжым, Ең таза ауылдық округ, Қонаев қаласындағы ең таза аула және Алматы облысының ең таза ауданы таңдалады.
Бұл аймақ тұрғындары үшін қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, таза және жасыл қаланы құруға үлес қосуға тамаша мүмкіндік.

Мәдениет
16 апреля 2024
Таза Қазақстан акциясы.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.

«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.

«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.

«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.

«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.

«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.

Әлеуметтік қорғау
16 апреля 2024
Жария талқылау.

Ағымдағы жылдың 11 - сәуір күні "Тасашы  ауылдық округі әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.

Қазақсан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Тасашы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес  5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
        1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.

«Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – мемлекеттік қызметі бойынша өтініш -0
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша өтініш тіркелмеді.
2023 жылы Тасашы ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер бойынша  өтініш түспеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алмады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану түспеді.

         23 мамыр 2023 жылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Қатысқан адамдар саны-27

       Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде – 0

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін

мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 0.

    Өтініш берушінің (отбасының) атаулы  әлеуметтік  көмек алушыларға тиесілігін  растайтын  анықтама беру – 3.

Мемлекеттік корпорация арқылы -0

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін

мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 0.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту  орын алмады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  шағым   келіп түспеді.

1.Тасашы  ауылдық  әкімшілігі «Электронды –цифрлық  қолтаңбаны(ЭЦҚ) үйден  шықпай-ақ  алуға   болады» тақырыбында билборд ілініп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Түсіндірме жұмыстарына 40 адам  қатысты. Құрылымдық бөлімше басшысы Т. Тәтібаевтың облыстық «Алатау арайы» газетіне мемлекеттік қызмет көрсету туралы «Абыройлы міндет»  мақаласы жарық көрді. 

 

Әлеуметтік қорғау
15 марта 2024
Көрісу күні.

Бүгін "Тасашы орта мектебіне қарасты интернаты бар МДШО және Сарыкөл бастауыш мектебімен" КММ-сі жанындағы интернатына барып,  15 наурыз - "Қайырымдылық" күніне орай  балалармен кездесіп қайттық. Кеген аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы С. Досымбеков балаларға бата беріп, ақыл - кеңесімен бөлісті. Сонымен бірге аудандық "Қазақ тілі" қоғамының атынан интернат балалаларына арнайы ыдыс-аяқтар мен сыйлықтар  тарту еттік. Бүгінгі күні интернатта 46 бала білім алып, тәрбиеленуде. Бізбен бірге балалар да өз шығармашылықтарымен бөлісті. Ақын жанды балалар өздері шығарған өлеңдерін оқып, шынайы ризашыдықтарын білдірді. Осы шараға мектеп директоры Қ.Қамбарбекова мен мектептің әкімшілік мүшелері, интернат меңгерушісі Қ.Оқасова қызметкерлерімен  қатысты. Кездесу соңында аудандық мәдениет үйінің әншісі, Республикалық  "Жас дарын" сыйлығының иегері Айтбаева Бахаргүл балаларға әннен шашу шашты. "Мейірім - жүректен, қайырымдылық - ізгіліктен" демекші бала жүрегіне жол тапқан сәттеріміз мол болып, балапандарымыздың болашағы - жарқын, алар асулары көп болсын!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы