Статистикалық ақпарат және көрсеткіштер

«Тасашы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің    жұмыстарының есебі.

Жалпы округтің:

  • Жер көлемі –24 305 га
  • Халық саны – 1056 адам
  • Елді мекен саны - 4

Құрылымдық мекемелер

  • Мектептер мектепке дейінгі шағын орталығымен– 2
  • Дәрігерлік амбулатория- 1 мед пункт -1
  • Мәдениет үйі- 1 және Ақтасты ауылында 1 клуб үйі бар
  • Кітапхана – 1
  • Облыс орталығына дейін- 297 км
  • Округке жақын қалаға дейін- 270 км
  • Аудан орталығына дейін- 23 шақырым 
  • салық және бюджет саласы

         «Тасашы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің басты міндеттерінің бірі салық түсімдерін жинап, бюджетке құю болып саналады.  2023 жылы Мүлік, жер салығынан   болжам 180 000 теңге, орындалғаны – 165 000 теңге ,  көлік салығынан болжам 2 млн794 мың теңге болса,  3 мил187мың теңге құйылып, 109 % орындалды.

          2023 жылға ауылдық округ әкімі аппаратына қаралған бюджет  – 64 306,0 млн теңге

Оның ішінде:

  • Әкім аппаратын ұстауға қаралған қаржы – 38 996,0 млн тг
  • Еңбек ақы қоры мен салық аударымдарына – 29 мил 860,0 мың тг
  • Өзге де ағымдағы шығындарға – 9 мил136,0 мың тг
  • Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бойынша – 1 мил 600,0 мың оның ішінде көшелерді жарықтандыру – 1мил288,0 мың тг
  • Көше шамдарын күтіп баптау – 312,0 мың тг
  • Елді мекендердің санитариялық тазалығын қамтамасыз ету-910,0 мың тг

 

  • Өңірлерді дамыту – 15 000,0 млн тг
  • Жолдардың қысқы күтіміне – 800,0 мың тг.
  • Он айлық игерілген қаражат – 58944,0 млн тг
  • Қалған қаражат – 5362,0 млн тг

      

Тасашы ауылдық округі бойынша ауылшаруашылығы жөнінде мәлімет

Округ бойынша:

 Ірі-қара-3310 бас

Қой-18336 бас

Жылқы-2250 бас

Тұқым түрлендіру бойынша :75 аналық басқа 3 бұқа алынды.

Көктемде 300 га жаздық арпа егілді.

Күзгі дала жұмысында 300 га жаздық арпа орылып алынды,100 га күздік бидай себілді

Округ бойынша 9903 т шөп дайындалды.

Өз қаражаты есебінен «Нұрғалым» шаруақожалығының иесі Бүйенбаев Бақыт 6млн теңгеге мал бордақылау алаңын салды

Жеке кәсіпкер Әбірасыл Игілік 5 млн теңгеге 50 ұяшық сатып алып, ара шаруашылығын дамытуда.

«Аяжан» шқ иесі Мұқанов Қайрат асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында 4,5 млн теңгеге 12 бас Абердин -ангус ірі қара сатып алып өсіруде.

Ауыл аманаты бойынша :14 адам өтініш беріп, құжаттары тапсырылды.

 2 адам несие алды:Мустафаева Индира- 4 мил 800 мың тг

Аппазов Қанат-8 мил тг

2 591 бас ірі - қарадан, 11 179 бас қойдан бруцеллезге қарсы қан алынды. Оң нәтиже тіркелген жоқ.

Тасашы ауылдық округінде 1 мал дәрігерлік пункт меңгерушісі, 2 мал дәрігерлік фельдшер, 4 санитар барлығы 7 адам халыққа қызмет көрсетеді. Мал иелерінің өтінішімен 7 шақырту болып, малдар емделіп жазылды. Жұқпалы аурулар бойынша аусыл ауруына қарсы 11150 бас ірі қараға,         20000 ұсақ малдарға басқа топалаңға қарсы, ірі қарадан 3500 басқа, ұсақ малдардан 15 000 басқа вакцина егілді. 1661 бас ірі қараға, 8859 бас қой, ешкі және қозыға сырға салынып дерекқорға енгізілді. Округке қарасты Жаңа Тасашы ауылынан мал өлексесін тастайтын орынның құрылысы жүргізілуде.

Білім саласы

2 орта, 1 бастауыш білім беру мекемелерінде 216 оқушы білім алады, оларға 56 мұғалім дәріс береді. Тасашы орта мектебі мен жанындағы интернатта 116 оқушы оқиды,            53 қызметкер жұмыс істейді. Тасашы ауылынан         20 бала тасымалданып оқытылады. Тасашы орта мектебінде - 20 бала, Ақтасты орта мектебінде - 25 бала шағын орталықта тәрбиеленеді. Көп балалы, аз қамтылған отбасыларынан 70 балаға тегін ыстық тамақ беру ұйымдастырылған.

 «Мектепке жол» акциясы барысында ауыл жастарының демеушілігімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 2 отбасы 2 оқушыға  120 000 теңге материалдық көмектер көрсетілді.

2023-2024 Оқу жылына Тасашы орта мектебімен Тасашы орта мектебі жанындағы интернатқа 60 000 литр сұйық отын, Ақтасты орта мектебіне 16 305 литр сұйық отын Сарыкөл бастауыш мектебіне 5 м3 отын, 9 тонна көмір  жоспарланып, бүгінгі күнге толық жеткізілді.

Денсаулық саласы

Округте 1 дәрігерлік амбулатория,  1 фельдшерлік - акушерлік пункт жұмыс істейді. Фельдшерлік - акушерлік пункте 7 медициналық қызметкер жұмыс істейді,  2 төсектік күндізгі стационарда ем қабылдау орны жасалған, 1 жедел жәрдем көлігі бар. Жыл ішінде 9 сәби дүниеге келді. 7 адам қайтыс болды.  Скринигтік байқаудан 88 адам өткізілді. Ана өлімі, бала өлімі тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау мекемелері қатты отынмен жылытылады. Жоспарланған 25  тонна қатты отын толығымен жеткізілді.

Тасашы ауылдық округі бойынша  14- 35 жас аралығындағы жастар туралы мәлімет

  • Тасашы ауылықдық округіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны -360
  • Нақты елді мекенде тұрып жатқан жастар саны-132 Бюджеттік мекемелерде істейтін жастар саны-33
  • 21-35 жас аралығындағы жастарға арналған несие бойынша-1 «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қатысқан жастар саны -2
  • Жастар практикасы бойынша жұмыспен қамтылған жастар саны-2
  • 2023 жылы әскерге кеткен жастар саны -5
  • АСП алатын жастар саны-2

           Жұмыспен қамту – 2023 жылға жоспар бойынша       60 адам тұрақты жұмыспен қамтылу керек болған қазіргі таңда орындалғаны 34. Ақылы қоғамдық жұмысқа жоспар     35 адам, орындалғаны 35.

35 жасқа дейінгі жастарды жұмыспен қамту шаралары бойынша  жоспар 4 адам толық орындалды. Жастар практикасы бойынша 2- жас жұмыспен қамтылды.           

          21- 35 жасқа дейінгі жастарға арналған нсиелеу бағдарламасына 1 тұрғын құжат өткізіп несие мақұлданды.   

 

Кәсіпкерлік

101 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен 1 «Жаңа Ақтасты» ЖШС-гі жұмыс жасауда. Оның ішінде  7  жеке кәсіпкер,  60 шаруа  қожалықтары тіркелген. «Жаңа Ақтасты» ЖШС-де 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.                  12,5 мил теңге инвестиция тартылды.

Тұрғын үй-коммуналдық  саласы

Көктемгі және күзгі санитарлық тазалық айлығына байланысты аудан әкімінің өкіміне сәйкес арнайы шаралар жасалынып, өз уақытында іске асырылып отырды. Округте күл-қоқыс төгетін орындар белгіленіп құжаттары заңдастырылды. Күл қоқыс төгетін орындар  арнайы техникамен тазаланып ретке келтірілді.    Ақтасты ауылының жалпы ұзындығы   7 шақырымды құрайтын ішкі көшелеріне асфальт төселінетін болады. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары аяқталып биылғы жылға игерілетін қаражат  көлемі жоспарда 50 млн теңгені құрайды.

           Ақтасты ауылында орналасқан клуб үйінің сыртын жөндеу жұмыстары жүргізілді.   

           Көше шамдары: Округ бойынша 93 бағана орнатылады деп жоспарланған болатын. Оның 55 данасы Ақтасты ауылына  38 дана көше шамдары ЖаңаТасашы ауылына орнатылды.         

            Келер жылы салынады деп жоспарланған әкімшілік ғимаратының құрылысына арналған жер телімінің құжаттары рәсімделіп, заңдастырылды. 

Күздің соңғы айында жауған қардан көшелер дер кезінде тазаланып оқушылар мен тұрғындардың қатынауына кедергі болған жоқ

Мәдениет саласы

1 мәдениет үйі, 1 клуб үйінде 8 қызметкер жұмыс істейді.

Жыл басынан 10 шара ұйымдастырылды. Ұлттық, мемлекеттік мерекелерге байланысты мәдени көпшілік         іс-шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ардагерлер кеңесі, аналар кеңесі, басқа да қоғамдық ұйымдардың қатысуымен кездесулер өткізілді.

              Ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламсы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде Жаңа Тасашы ауылынан жалпы құны 20 млн теңге болатын Футбол алаңымен біріктірілген балалар ойын алаңының құрылысы жүргізілді. Құрылыс жүргізуші мердігер компанияның атауы    « M&N строй» ұтып алынған қаржы көлемі 17 млн теңге. Қазіргі таңда жұмыс 100 % аяқталды. Қыркүйек айында қолданысқа берілді.

            Дәл осы бағдарлама аясында округке қарасты Ақтасты ауылынан құны 15 млн теңге болатын балалар ойын алаңы салынды. Құрылыс жүргізуші «Барс Голд KZ» ЖШС. Жұмыстар толықтай аяталып 25 қазан Республика күнініе орай ашылып, қолданысқа берілді.         

 

Арыз-шағымдар

Жыл басынан округ әкімдігіне 5 жазбаша өтініш, жеке қабылдау бойынша 14 ауызша өтініш түсті. Бұл мәселелер дер кезінде  Заңға сәйкес шешілді.

Жоғарғы органдардан 132 хат – хабарлар мен өкім, шешім, қаулылар түсті. Олардың жүзеге асуы үнемі бақылауға алынып отырды. Ауылдық округ әкімі аппаратынан жоғарғы органдарға 265 хат жіберілді.

      

          

 

  Атқарылатын жұмыстар.

           Ақтасты ауылының ішкі жолдарының жұмыстарын аяқтау;

           Ақтасты және Тасашы орта мектептерін күрделі жөндеуден өткізу;

           Ақтасты ауылындағы мед пунктті күрделі жөндеуден өткізу;           

           Жаңа Тасашы ауылынан салынатын әкімшілік ғимаратының құрылысы;

 

 

 

                   

 

 

Дата публикации
05 марта 2024