"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын Қағидаларға сәйкес "электрондық үкімет"порталы арқылы ғана көрсетіледі.

Бұл мемлекеттік қызмет "электрондық үкімет" порталымен интеграцияланған "е-лицензия"порталы арқылы электрондық түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;

2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі, қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 13 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) Кодекстің 49-1-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға келісуші органдардың теріс жауабы.

Дата публикации
02 мая 2023