2026 жылдың І тоқсаны бойынша бюджет қаражатының орындалуы

Кеген ауданы Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы І тоқсандағы бюджеттің орындалуы туралы

 

Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы І тоқсанда бюджет қаражатын 16 932 000 теңге көлемінде 100% игерді.

Мемлекеттік қызметкерлерге 2025 жылғы бағалау нәтижесі бойынша 2 634 700 теңге төленді.
Сонымен қатар:

  • мемлекеттік қызметкерлерге – 6 056 700 теңге,
  • техникалық қызметкерлерге – 2 589 700 теңге көлемінде еңбекақы төленді.

Еңбекақылар уақытылы аударылып отыр.

Іссапар шығындары бойынша:

  • ауылдық округ әкіміне – 3 іссапарға 425 550 теңге,
  • бас маман-есепшіге – 2 іссапарға 426 000 теңге,
  • бас мамандарға – 2 іссапарға 220 600 теңге,
  • автокөлік жүргізушісіне – 1 іссапарға 77 850 теңге,
  • жастар ісі жөніндегі техникалық қызметкерге – 1 іссапарға 50 050 теңге төленді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша 2026 жылғы І тоқсанда 15 келісімшарт жасалып, Қазақстан Республикасы Қазынашылық басқармасына тіркелді. Атап айтқанда: қысқы жолдарды қардан тазарту, көше жарығын күтіп ұстау, байланыс және интернет қызметтері, электр энергиясымен қамтамасыз ету, компьютерлерге қызмет көрсету және басқа да қызметтер.

Бағдарламалар бойынша:

124008029 бағдарламасы
Шырғанақ ауылындағы көше жарығын күтіп ұстауға 1 500 000 теңге қарастырылып, баға ұсынысы тәсілімен өткізілді. Нәтижесінде «Нур-Али» жеке кәсіпкері жеңімпаз атанып, 1 198 000 теңгеге келісімшарт жасалды. Жұмыстар жүргізілуде, қаржы аударылған жоқ.

124009029 бағдарламасы
Ауылдық округтегі тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарына 1 500 000 теңге қарастырылып, баға ұсынысы тәсілімен өткізілді. «Аружан» жеке кәсіпкері жеңімпаз болып анықталып, 1 299 000 теңгеге келісімшарт жасалды. Жұмыстар жүргізілуде, қаржы аударылған жоқ.

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 4 000 000 теңге бөлініп, конкурс жарияланды. Қазіргі уақытта нәтижесі шыққан жоқ.

124011029 бағдарламасы
Билборд (баннер) дайындау жұмыстарына 1 200 000 теңге қарастырылып, «Qaradala Media» ЖШС-мен тікелей келісімшарт жасалды. Жұмыстар жүргізілуде, қаржының 13%-ы игерілді.

124013029 бағдарламасы
Қысқы жол күтімі (қаңтар–ақпан айлары) бойынша 1 034 482,78 теңгеге тікелей келісімшарт жасалып, қаржы толық игерілді.

Сонымен қатар, қысқы жол күтімі бойынша ашық конкурс нәтижесінде «Жолашар» ЖШС 5 959 999,99 теңгеге жеңімпаз болып анықталып, келісімшарт жасалды.

Дата публикации
01 апреля 2026