Кеген ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының №1 Хаттамасында берілген тапсырмаларға сәйкес атқарылатын жұмыс ЖОСПАРЫ

Кеген ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының №1 хаттамасында берілген тапсырмаларға сәйкес атқарылатын

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

(2026 жыл)


1. Кеген ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының №1 хаттамасында берілген тапсырмаларға сәйкес атқарылатын жұмыс жоспарын бекіту.

Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, бас маман Д. Нүсіпжанов.
Мерзімі: қаңтар, 2026 жыл.

2. Округ аумағындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеру жүргізу.

Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, бас маман Д. Нүсіпжанов.
Мерзімі: от жағу маусымында.

3. Қауіп деңгейі жоғары нысандардың тізбесін жасап, тұрақты бақылауға алу.

Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, бас маман Д. Нүсіпжанов.
Мерзімі: нысандарды анықтау кезеңінде.

4. Тұрғын үйлерде пешпен жылыту, газ және электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, бас маман Д. Нүсіпжанов.
Мерзімі: от жағу маусымында.

5. Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың тұрғын үйлеріне профилактикалық тексеру жүргізу.

Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, бас маман Д. Нүсіпжанов.
Мерзімі: үнемі.

6. Орман және дала алқаптарында өрт қаупі жоғары кезеңде рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру.

Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, бас маман Д. Нүсіпжанов.
Мерзімі: өрт қаупі жоғары кезеңде.

7. Өртке қарсы құралдардың жарамдылығын қамтамасыз ету.

Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, бас маман Д. Нүсіпжанов.
Мерзімі: үнемі.

8. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілер арқылы құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттар жариялау.

Жауаптылар: бас маман Д. Нүсіпжанов, учаскелік полиция инспекторы Ө. Чаймерденов.
Мерзімі: әлеуметтік желілерде тұрақты жариялау.

9. Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтардың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту.

Жауаптылар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Е. Сарбасов, Б. Ахметов, Қ. Құрманғали, учаскелік полиция инспекторы Ө. Чаймерденов.
Мерзімі: үнемі.

10. Ауылдық округ аумағында электронды темекінің заңсыз айналымына жол бермеу және интернет арқылы сатылатын электронды темекі өнімдерінің заң талаптарына сәйкестігін тексеру, ақпараттық жұмыстар жүргізу.

Жауаптылар: бас маман – салық инспекторы Е. Әсімахан, учаскелік полиция инспекторы Ө. Чаймерденов.
Мерзімі: тұрақты.

11. Тұрғындар мен мекемелер арасында интернет-алаяқтыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізу.

Жауаптылар: бас маман Д. Нүсіпжанов, учаскелік полиция инспекторы Ө. Чаймерденов.
Мерзімі: түсіндіру жұмыстары барысында.

12. Кәмелетке толмағандар арасында электронды темекінің зияны туралы ақпараттық-түсіндіру материалдарын әлеуметтік желілер арқылы тарату.

Жауаптылар: бас маман Д. Нүсіпжанов, учаскелік полиция инспекторы Ө. Чаймерденов.
Мерзімі: әлеуметтік желілерде жариялау.

13. Интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу мақсатында ақпараттық билбордтар орналастыру.

Жауаптылар: бас маман Д. Нүсіпжанов, учаскелік полиция инспекторы Ө. Чаймерденов.
Мерзімі: билборд орналастыру кезеңінде.

14. Интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша «Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз!» тақырыбында бейнероликтерді әлеуметтік желілерде жариялау.

Жауаптылар: бас маман Д. Нүсіпжанов, учаскелік полиция инспекторы Ө. Чаймерденов.
Мерзімі: әлеуметтік желілерде жариялау.

Дата публикации
12 февраля 2026