План по вопросам противодействия коррупции на 2026 год

 

2026 жылға арналғансыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі

ЖОСПАР


I тоқсан

  1. «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын бекіту.
    Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, құрылымдық бөлімше басшысы М. Муханова.
    Орындалу мерзімі: қаңтар–ақпан.

  2. Ауылдық округ әкімдігі ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттарды орналастыру.
    Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, құрылымдық бөлімше басшысы М. Муханова.
    Орындалу мерзімі: қаңтар.

  3. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізу.
    Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, құрылымдық бөлімше басшысы М. Муханова.
    Орындалу мерзімі: ақпан.

  4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмыстарға қабылдау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету.
    Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, құрылымдық бөлімше басшысы М. Муханова.
    Орындалу мерзімі: ақпан.

  5. Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялар мен мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
    Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, бас маман Д. Нүсіпжанов.
    Орындалу мерзімі: ақпан.

  6. I тоқсан бойынша бюджет қаражатының орындалуы мен игерілуіне ішкі талдау жүргізу, ашықтықты қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу.
    Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, бас маман-есепші Ж. Тоқтасын.
    Орындалу мерзімі: наурыз.


II тоқсан

  1. Аппарат қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
    Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, құрылымдық бөлімше басшысы М. Муханова.
    Орындалу мерзімі: сәуір.

  2. І. Жұмағұлов атындағы орта мектеп ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізу.
    Жауапты: мектеп директоры Л. Н. Нүсіпқожаева.
    Орындалу мерзімі: мамыр.

  3. Талды негізгі мектебі ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізу.
    Жауапты: мектеп директоры Г. Ш. Дауталиева.
    Орындалу мерзімі: маусым.


III тоқсан

  1. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.
    Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, бас маман-есепші Ж. Тоқтасын.
    Орындалу мерзімі: шілде.

  2. Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялар мен мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
    Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, бас маман Д. Нүсіпжанов.
    Орындалу мерзімі: тамыз.

  3. Жер учаскелерін берудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кезекте тұрған азаматтардың тізімін жаңарту және ақпараттық тақтаға орналастыру.
    Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, құрылымдық бөлімше басшысы М. Муханова.
    Орындалу мерзімі: қыркүйек.

  4. Бескөл негізгі мектебі ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізу.
    Жауапты: мектеп директоры Г. Искакова.
    Орындалу мерзімі: қыркүйек.


IV тоқсан

  1. Мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүлкін декларациялау арқылы ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.
    Жауапты: бас маман – салық инспекторы Е. Әсімахан.
    Орындалу мерзімі: қазан.

  2. Кеңсу бастауыш мектебі ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізу.
    Жауапты: мектеп меңгерушісі Г. Жомартова.
    Орындалу мерзімі: қараша.

  3. Кеңсу бастауыш мектебі ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде түсіндіру іс-шарасын өткізу.
    Жауапты: мектеп меңгерушісі Г. Жомартова.
    Орындалу мерзімі: желтоқсан.

  4. 2026 жыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының қорытындысын шығару.
    Жауаптылар: ауылдық округ әкімі Р. Уәлиұлы, құрылымдық бөлімше басшысы М. Муханова.
    Орындалу мерзімі: желтоқсан.

Дата публикации
12 февраля 2026