Кеген ауданының «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 12 айға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Кеген ауданының «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  2024  жылғы  12 айға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзіміне жауапты орындаушыға жолдама мен критерилерінің  орындалуы

№

Жолдама және критерии

Жауапты орындаушы

Орындалуыы туралы

1

Мекеменің  қызметін заңмен реттеуде лауазымды  тұлғаның өз қалауы бойынша шешім шығару-ға жол беретін ереженің болуы

М.Муханова

Кеген  ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 05 қараша-дағы №107 қаулысымен  бекітілген  Ереже

2

Мүдделі қақтығысының болуы

М.Муханова

2024  жылы мүдделі  қақтығыстар   орын алған  жоқ

3

Жұмысқа қабылданған адамның басшымен туыстық қатынасы

М.Муханова

2024  жылы  жұмысқа  маман қабылданған  жоқ

4

Мамандардың ауысу себептері

М.Муханова

2024  жылы  мамандардың  ауысуы   орын  алған  жоқ

5

Тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапқа  тартылуы

М.Муханова

Ауылдық  округ  әкімі 2024 жылғы 30 шілде  №478-ө-ж/қ «Сөгіс»  түріндегі тәртіптік жаза,  Бас маман - есепші  «ескерту»  түріндегі тәртіптік  жаза  2024 жылғы 11 қазан  №28-ө ж/қ бойынша алды

6

Мемлекеттік қызметкердің  қызметін бағалау

М.Муханова

Мемлекетік қызмекерлердің  қызметін бағалау тоқсан сайын жүргізіліп, е-қызмет жүйесіне  енгізілп отрды.

7

Мемлекеттік қызметкерді  оқыту

М.Муханова

2024 жылы біліктілк арттыруға жоспар  бойынша мамандар жіберілген жоқ.

8

Мемлекеттік қызметкердің іс-тәжірибеден өтуі

М.Муханова

2024  жылы 9-13 желтоқсан аралығында жетекші маман «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және  тұрғын үй инспециясы бөлімі» ММ-нен тағылымдамадан өтті. 5 желтоқсан 2024 жылғы №33 ж/қ өкімі негізінде

9

Тәлімгер  тағайындау мен сынақ мерзімі

М.Муханова

Сынақ мерзімімен тағайындаған маман  болған  жоқ

10

Жақын  туыстары мен жолдасы және  бажаларымен бірге қызмет (жұмыс) істеу

М.Муханова

Мекемеде  жақын туыстарымен   бірге қызмет  істеу фактісі  анықталған  жоқ  

11

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес лауазымды  тұлғаға  қойылған сыбайлас  жемқорлыққа  байланысты  шектеулерді, тиымдарды бұзу (коммерциялық ұйымдарды және т.б сенімді  басқаруға беру)

М.Муханова

Мекемеде сыбайлас  жемқорлыққа байланысты шектеулерді, тиымдарды бұзу   анықталған жоқ. Мамандарда сенімді басқаруға беру  орын   алған  жоқ

12

Бекітілген  стандарттың мемлекеттік қызмет көрсетуге нақты сәйкес келуі

 

М.Муханова

Мемлекеттік  қызметін  көрсету  қағидаларға сәйкес   жүргізіліп  отыр.

13

Стандартта қаралмаған құжаттарды  талап  ету

М.Муханова

Қағидада  қаралған  құжаттан     артық   құжат  талап ету  орын  алған жоқ

14

Қызмет көрсетуші мен қызмет  алушының  тікелей  байланыста  болуы

М.Муханова

Мемлекеттік  қызмет  көрсетуші    қызмет  алушымен    тікелей байланысып,  әлеуметтік  желілерде   ақпараттар  салып,  таратып  отырады.

15

Қызмет көрсету  мерзімінің бұзылу фактілері

М.Муханова

Қызмет  көрстеу   мерзімінің    бұзылу  фактісі   орын  алған   жоқ

16

Мемлекеттік қызметін негізсіз көрсетпеу фактілері

М.Муханова

Орын алған жоқ

17

Құжаттарды қарау кезінде құжаттардың  көптігі және қайталану сәттерінің болуы

М.Муханова

Орын алған жоқ

18

Мемлекеттік қызметтің белгілері бар қызметтерді жүзеге  асыру, көрсету (жасырын қызмет)

М.Муханова

Орын алған жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы Кеген ауданының «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне                              ішкі талдау нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Шырғанақ  ауылы           12.12.2025  жыл

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Алматы облысы Кеген ауданы Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – ауылдық округ әкімінің аппараты) ауылдық округ әкімінің «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 08  желтоқсандағы  №59-ө-н/қ өкімінің негізінде 2025 жылдың 08-12 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жалпы кезең 2024 жылғы 12 ай болып айқындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 Жарлығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларына» сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

 

АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ:

 

Кеген ауданының «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ-сі  өз қызметінде:

- ҚР «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен;

-«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;

- «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»;

- ҚР Азаматтық Кодексімен

- ҚР Жер Кодексімен

- ҚР Еңбек Кодексі

- Кеген ауданының «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесімен өз қызметін жүзеге асырады.

 

 

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

  2024 жылдың 12 айында округ әкімі негізгі қызмет бойынша 18 шешім,       негізгі қызмет бойынша 58- өкім және жеке құрам бойынша 33- өкім шығарды. Негізгі қызмет бойынша шешімдердің есебі жарты  жылдық сайын талдау үшін Еңбекшіқазақ ауданаралық Әділет басқармасына беріледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша  Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлерінде  Шырғанақ ауылдық  округінің  әкімі  Сарыбаев  Ернар  Санақбайұлы  Қазақстан  Республикасының  Жер  Кодексінің  92- бабының 4- бөлігінің  талаптарын тиісті   деңгейде орындамағаны  үшін  «сөгіс» түріндегі   тәртіптік    жаза  2024 жылғы 30 шілде  №478-ө-ж/қ бойынша аудан әкімі  Н.Теңізбаевтың  өкімімен  берілді. Бас маман - есепші  Тоқтасын  Жадыра  Сайлаубекқызына  2024  жылдың 9 айдағы  қорытындысы  бойынша Кеген ауданының «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 3 млн 248 мың  теңге 00 тиын  игерілмегені  үшін  «ескерту»  түріндегі  тәртіптік  жаза  2024 жылғы 11 қазан  №28-ө ж/қ бойынша  Шырғанақ ауылдық округінің әкімі Е.Сарыбаевтың өкімімен  берілді.Жеке құрам бойынша өкімдер және негізгі қызмет бойынша өкімдер "E-Kyzmet" ақпараттық  жүйесіне  өз мерзімінде енгізіліп отырды. Кеген ауданы прокурорының есепті кезеңде шешім мен өкімдердің күшін жою туралы наразылықтары болған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша:

  Аппарат қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, уақытылы және сапалы орындау бойынша жауапты маман құрылымдық бөлімшенің  басшысы  Муханова  Маржан Нуралимовна бекітілген.

Жеке қабылдау бойынша 60 өтініш. Оның ішінде: Жұмыспен қамту -28, Ауыл аманаты - 12, АСП-1, Тәжірибеден  өткізуді сұрайды - 1, Жер мәселесі - 8, Үйінің  қоршауын  жасап беруді  сұрайды - 1,  Үйінің  шатарын ауыстырып  беруді сұрайды - 1, Әлеуметтік  қызмет көрсетуді сұрайды - 3, Үйіне су  кіргізіп  беруді сұрайды - 1, Қатты  отынға көмектесуді сұрайды -3,  Бос тұрған үйлердің  мусорын шығаруды сұрайды-1.

Е-өтініш ақпараттық жүйесіне 10-өтініш тіркелді. 3 - өтініш  қағаз  түрінде  түсіп, тіркелді. 2 – сұрау салу, 5 – өтініш. Е-өтініш ақпараттық жүйесіне келіп  түскен, тіркелген  хаттарға,  ұсыныстарға, өтініштерге  қолайлы  акт  қабылданып,  толықтай  қанағаттандырылды.

Заңды тұлғадан түскен өтініш жоқ.

Кіріс құжаттары-204, Шығыс құжаттары -438.

Кеген ауданының «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 01.01.2024-31.12.2024 аралығындағы құжаттар айналымы туралы  мәліметті  тоқсан сайын  кадр бөліміне  жіберіліп  отырды.

Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің сайтына тұрғындар тарапынан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.

Ұсыныс: Жер  мәселелері бойынша  «Жер қатынастар  бөлімі» ММ-сі, Кеген  аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі, «Сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік  мекемелерімен   өзгерістер  және  құжаттар   қабылдау  тәртібі  жөнінде  семинар өткізу.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша;

   «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ  мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес  5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.  Көрсетілген қызметтер саны -1, барлығы-1.   

      «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет  көрсету  бойынша  1 өтініш  түсті.

   1 -өтініш  дәлелді бас тартылды.

   Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  шағым   келіп түспеді.                      

2024 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес көрсетілген қызметтер  бойынша өтініш берушілерден шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

 

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат бар стендтер ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округте тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша округ әкімінің аппараты тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 1)тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушілер мен Мемлекеттік корпорация орналасқан жерлерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыру арқылы ұсынылады.

Талдау барысында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында ақпарат тақтасы бар екендігі анықталды.

Ұсыныс: «Қазақстан Республикасының Жер Кодексі», «Мемлекеттік  қызмет  көрсету»  қағидалары  бойынша қызметкерлер арасында аудан деңгейінде  тиісті мекемелрді қатыстыра отырып семинар өткізу.

 

 

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы:

Есептік кезеңде округ әкімі аппаратының мамандары Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Ұсыным: қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.

 

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы:

 

2024 жылға арналған штаттық кестеге сәйкес Кеген ауданының «Шырғанақ  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің штат саны 6 адамды құрайды.

Округ әкімі аппаратының штат саны 6 бірлік, оның ішінде: Шырғанақ  ауылдық округінің әкімі – 1 бірлік, құрылымдық бөлімше басшысы – 1 бірлік, бас мамандар-3, жетекші маман- 1.

Талдау кезеңінде округ әкімі аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылықтар, сондай-ақ теріс қылықтар болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің қатарынан лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды аудандық кадрлар басқармасының бірыңғай қызметі жүзеге асырады.

Округ әкімінің аппаратында кадрлардың ауысуы болған жоқ.

Ұсынылады: конкурсты өткізу кезінде конкурстық рәсімдерді және кандидаттарға қойылатын талаптарды реттейтін заңдарды және нормативтік-құқықтық актілерді қатаң басшылыққа алу.

  Есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі келесі құжаттарды ұсынамыз:

1)«Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ аппарат қызметкерлері арасында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізуге;

2) тоқсанына 1 рет мамандармен Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын зерделеу бойынша семинарлар өткізу;

3) Ауылдық округ әкімінің аппараты алдағы қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қажетті бақылау шараларын қабылдасын, аппарат қызметтік міндеттерін орындауға жауапты қызметкерлерінің арасында семинарлар өткізсін.

 

  

Жұмыс тобының мүшелері:

 

  1. Мәсімбаев Біләл –          «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің директоры,

               Әукенұлы                          аудандық мәслихат депутаты (келісімімен);

 

 

 

 

2.Муханова Маржан          Кеген ауданының «Шырғанақ

  Нуралимовна                    ауылдық округі әкімінің аппараты»

                                               ММ-нің құрылымдық бөлімше басшысы

 

 

Таныстым:

 Руслан Уәлиұлы            Шырғанақ ауылдық округінің әкімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеген ауданының «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша  жиналыстың  хаттамасы

№1

Шырғанақ  ауылы 12.12.2025 жыл

 

Жиналысқа  қатысқандар:7 адам

Басталу  уақыты: 1100

 

Жиналыс төрағасы: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  ішкі  талдау жүргізу тобының  төрағасы: Руслан Уәлиұлы

 

Жиналыс хатшысы: Муханова Маржан  Нуралимовна

 

Күн тәртібінде:

  1. Кеген ауданының «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы 12 айға  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері
  2. Сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу.

 

Баяндама  жасады:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  ішкі  талдау жүргізу тобының  төрағасы: РусланУәлиұлы Кеген ауданының «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы 12 айға  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша    баяндама  жасап өтті.
  2. Жиналыс  хатшысы  МухановаМаржан Нуралимовна сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу бойынша  баяндама  жасап  өтті.

 

Күн тәртібіндегі  мәселелерді  тыңдай келе ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Кеген ауданының «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024жылғы 12 айға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерінің қорытындысы  қанағаттанарлық деп  табылсын.
  2. Мекеме  қызметкерлеріне  сыбайлас  жемқорлықты  болдырмауды және алдын алу  жұмыстары ұйымдастырылсын.
  3. Жоғарыда  баяндалғандардың  негізінде  жұмыс топ қызметінде сыбайлас  жемқорлық тәуекелдердің  анықталмағаны туралы қорытындыға келді.

 

Комиссия төрағасы  Р.Уәлиұлы

 Хатшысы                   М.Муханова

Дата публикации
12 декабря 2025