"Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2024 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.

Ағымдағы жылдың 18 - сәуір күні

"Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің

2024 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.

 

  Қазақсан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына,  "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының               10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 5 төмендегідей қызметтер  көрсетеді:

1."Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

2."Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

3."Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;   

4."Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

5."Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

       2024 жылы Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер бойынша :

1."Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша өтініш келіп түспеді.

2."Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша  ІІІ тоқсанда 1 өтініш, ІҮ-тоқсанда бір   өтініш  дәлелді бас   тартылды.

3."Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету  бойынша  ІҮ-тоқсанда 2  өтініш   дәлелді  бас тартылды.   

4."Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша өтініш келіп түспеді.

5."Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін қызметін көрсету бойынша 11 адам  жер кезегіне тіркелген.

       Халықты ақпараттандыру мақсатында  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен электронды қызметтерді танымал ету мақсатында «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде:

І-Тоқсан   бойынша

1.Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемесінде 29 қаңтар 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу, өтініштерді электронды түрде беру және электронды үкімет порталы арқылы алынатын анықтамаларды алу жолдарын түсіндіру. Бүгінде аудан орталығына бармай ауылдық әкімшілік ғимаратынан "Өзіне - өзі қызмет көрсету" бұрышынан қажетті анықтамаларды алу, жер учаскесін алу үшін кезекке қалай тұру керек, электронды өтініштерді қалай беру керек жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2.Кеген ауданы "Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппараты" ММ-де 30 қаңтар 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін халыққа түсіндіру мақсатында ашық есік күні өтті.

3.Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемесінде 31 қаңтар 2024 жылы мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өтті. Жәрменкенің мақсаты қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу, өтініштерді электронды түрде беру және электронды үкімет порталы арқылы алынатын анықтамаларды алу жолдарын түсіндіру. Бүгінде аудан орталығына бармай ауылдық әкімшілік ғимаратынан "Өзіне - өзі қызмет көрсету" бұрышынан қажетті анықтамаларды алу, жер учаскесін алу үшін кезекке қалай тұру керек, электронды өтініштерді қалай беру керек жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

4.Әлеуметтік  желіде  жариялануымен 18.01.2024 жылы «Цифрлық құжаттар әрқашан қолжетімді» тақырыбында  мақала  жарияланды.

5.Әлеметтік  желіде жарияланумен «eGov mobile мобильді қосымшасын жүктеп мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі оңай алыңыз» тақырыбында семинар өткізілді.

6.Кеген аудандық Қарқара  газетінде 20.01.2024 жылы №3 санында «eGov порталында   балалардың  деректерін көрсету» тақырыбында  мақала  жарияланды.

ІІ-тоқсан   бойынша

1.Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемесінде 19 сәуір 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ашық есік күнінің негізгі мақсаты қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу, өтініштерді электронды түрде беру және электронды үкімет порталы арқылы алынатын анықтамаларды алу жолдарын түсіндіру. Бүгінде аудан орталығына бармай ауылдық әкімшілік ғимаратынан "Өзіне - өзі қызмет көрсету" бұрышынан қажетті анықтамаларды алу, жер учаскесін алу үшін кезекке қалай тұру керек, электронды өтініштерді қалай беру керек жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2.23.04.2024 жылы eGov.kz порталында наркологиялық ұйымнан анықтаманы  алу жолдарын  түсіндіру  мақсатында   әлеуметтік  желіде  жариялануымен  семинар өтті.

3.23.04.2024 жылы Gov.kz порталында «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» қызметін алуға болады.
Аталған анықтама банктен несие алу немесе мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу кезінде қажет болуы мүмкін екені   жөнінде  әлеуметтік  желіде жариялануымен  дөңгелек  үстел  өтті.

4.Кеген ауданы "Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппараты" ММ-де   25 сәуір 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін халыққа түсіндіру мақсатында ашық есік күні өтті.                                                                  

5.Кеген  аудандық  Қарқара  газетінің 27.04.2024 жылғы №17 санында “Электрондық  үкімет”-деген не және оның  халық үшін  қандай пайдасы бар? тақырыбында мақала  жарияланды

6.2024 жылдың 20 маусым күні Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына, мекеме қызметкерлеріне "E gov" мүмкіндіктері, "Өзіне-өзі қызмет көрсету" бұрышынан қызметтер алу тақырыбында акция өткізілді. Акцияда жаднамалық кітапшалар таратылды.

7.Egov mobile жүйесіндегі электрондық цифрлық құжаттар тақырыбында   өлшемі 3х6 билборд әкімшілік  ғимаратының  алдына, Т.Сегізбайұлы №13 мекен  жайына ілінді.

8.2024 жылдың 6 айында   Кеген ауданы «Шырғанақ  ауылдық округі әкімі аппараты » ММ-де  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жұмысы туралы  анықтама аудандық Қарқара газетіне 28 маусым 2024 жылы №26(291) санына  жарияланды.

ІІІ-тоқсан   бойынша

  1. 24 шілде 2024  жылы Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату және  мемлекеттік қызметтерді көрсету  тәртібін халыққа  түсіндіру  мақсатында  жәрменке  өткізілді.
  2. 25 шілде 2024  жылы “Facebook” және “Instagram”әлеуметтік  желілерде  жариялануымен “ЭЦҚ жаңа форматы”  тақырыбында  мақала жарияланды.
  3. 25 шілде 2024  жылы Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату және  мемлекеттік қызметтерді көрсету  тәртібін халыққа  түсіндіру,  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы  толық  мағдұмат  беру   мақсатында  және  “Өзіне-өзі қызмет көрсету” бұрышынан  алынатын  қызметтер , анықтамаларды  алуды түсіндіру мақсатында  ашық есік күні өтті.
  4. Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемесінде 18 шілде  2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату және  мемлекеттік қызметтерді көрсету  тәртібін халыққа  түсіндіру,  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  қағидаларымен таныстыру, "еgov"  порталы  арқылы  алынатын   анықтамаларды, қызметтерді алу   жолдарын   түсіндіру   мақсатында дөңгелек  үстел өтті.
  5. Мобильді қосымшаларды  насихаттау  мақсатында “Енді egov mobile қосымшасында еңбек шартына қол қоюға болады” тақырыбында “Facebook” және “Instagram”әлеуметтік  желілерде  жариялануымен  прзентация жарияланды.
  6. Кеген  аудандық  Қарқара  газетінің  03 тамыз 2024 жылғы №30(295) санында “ЭЦҚ жаңа форматы: бұрынғы шығарылған  кілттермен  не  болады” тақырыбында мақала  жарияланды.

ІҮ-тоқсан   бойынша

1.22 қазан 2024 жылы Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері» бойынша семинар өтті. 

2.Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 22 қазан 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу, өтініштерді электронды түрде беру және электронды үкімет порталы арқылы алынатын анықтамаларды алу жолдарын түсіндіру. 

3.25 шілде 2024  жылы “Facebook” және “Instagram” әлеуметтік  желілерде  жариялануымен Е-license порталында жеке тұлғалар eGov QR арқылы авторизациядан өтіп, қызметтерді ала алады тақырыбында  презентация  жарияланды

Округ  әкімі апаратындағы  өзіне – өзі  қызмет көрсету  бұрышы арқылы 2024  жылы 66 электрондық қызмет көрсетілді.
         Халықты   ақпараттандыру  үшін   мемлекеттік  көрсетілетін   қызметтер  тізілімі, қағидалар жазылған стенд ілінген.

          Қызметтерді  уақытылы, әрі сапалы  көрсету азаматтардың   қызметке ризашылық   деңгейінің  артуы – мемлекеттік  көрсетілетін қызметтің  тиімділігін  бағалау шартының  негізгі бағыты  болып  табылады.

          2024  жылдың қорытындысы  бойынша мемлекеттік  қызмет     бекітілген мерзімде   көрсетілді,  мерзімдері  бұзылған  болған  жоқ. Жеке  және  заңды  тұлғалардың  тарапынан  мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  шағым   келіп түспеді.

Дата публикации
18 апреля 2025