Жария талқылау

Ағымдағы жылдың 09 - сәуір күні "Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.
​ ​ ​
​ Қазақсан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес   6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
       2023 жылы Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер бойынша 1 өтініш қабылданды, Оның ішінде:

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0
             2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
             3. «Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – мемлекеттік қызметі бойынша өтініш 1-тіркелді.
            4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
            5. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
  2. "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту"мемлекеттік қызметі бойынша өтініш тіркелмеді.

       Халықты ақпараттандыру мақсатында  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен электронды қызметтерді танымал ету мақсатында «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде:

1.Кеген ауданы  «Шырғанақ  ауылдық  әкімшілік  аппараты» ММ-де  25 қаңтар 2023  жылы  «Мемлекеттік   қызмет  көрсету  қағидалары мен  стандарттары» тақырыбында дөңгелек  үстел өткізілді. Ашық есік күніне  120 адам қатысты.

2.Instagram-shyrganak.auyly, facebook-Шырғанақ ауылы   әлеуметтік  желілерде  мобильді  қосымшаларды насихаттау мақсатында 25 қаңтар 2023 жылы EGovMobaile-мобильдік қосымшасы  арқылы мемлекеттік  қызметтерге  тез, әрі оңай қол жеткізіңіз тақырыбында презентация жарияланды.

  1. 2023  жылдың 15  наурыз күні  Кеген ауданы «Шырғанақ  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде  мемлекеттік  қызметтердің  жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – электрондық қызметтерді насихаттау және www.e.gov.kz  порталын пайдалану,  жолға шығындалмай, мекемелердің табалдырығын тоздырмай, уақыт жоғалтпай мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің ең ыңғайлы жолы екенін түсіндіру. Электронды портал арқылы мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларын интерактивті үйрету, электронды көрсетілетін қызметті пайдалануды ауыл тұрғындар арасында насихаттау. Мемлекеттік  қызметтердің  жәрмеңкесіне 180 адам қатысты.
  2. Instagram-shyrganak.auyly және facebook-Шырғанақ ауылы  әлеуметтік желілерде  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының көмегімен «Egov.kz» «License.kz» электронды веб-порталдары арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ аталған  бұрыштардан  алу әжептәуір жеңілдегені  жөнінде жариялануымен семинар  өткізілді.
  3. 5.2023 жылдың 27 сәуір күні Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату және мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру мәселелері жөнінде, мемлекеттік қызметтерді көрсету. Қатысқандар саны – 80.

6.Instagram-shyrganak.auyly, facebook-Шырғанақ ауылы   әлеуметтік  желілерде  мобильді  қосымшаларды насихаттау мақсатында 27 сәуір 2023 жылы e.gov mobail қосымшасы арқылы e.license.kz порталында қызметтер алу тақырыбында презентация жарияланды.

7.Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемесінде 20 маусым 2023 жылы мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өтті. Жәрменкенің мақсаты қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу, өтініштерді электронды түрде беру және электронды үкімет порталы арқылы алынатын анықтамаларды алу жолдарын түсіндіру. Бүгінде аудан орталығына бармай ауылдық әкімшілік ғимаратынан "Өзіне - өзі қызмет көрсету" бұрышы арқылы қызмет алушылар саны күннен күнге артып келеді. Жәрменкеге -50 адам қатысты.

8.2023 жылдың 21 маусым күні Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына, мекеме қызметкерлеріне "E gov" мүмкіндіктері, "Өзіне-өзі қызмет көрсету" бұрышынан қызметтер алу тақырыбында акция өткізілді. Акцияда жаднамалық кітапшалар таратылды. Акцияға -70 ауыл тұрғыны, мекеме қызметкерлері қатысты.

  1. 04 шілде 2023 жылы  Шырғанақ ауылы Т.Сегізбайұлы көшесінің  бойынан eGov – жылдам, сапалы, ыңғайлы, сенімді, қолжетімді, ашық тақырыбында  бильборд ілінді.
  2. Кеген ауданы "Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппараты" ММ-де        11 тамыз күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін халыққа түсіндіру мақсатында ашық есік күні өтті.Ашық есік күніне қатысқандар саны – 60.

11.14 тамыз 2023 жылы ЭЦҚ-ның көмегімен үйден шықпай-ақ eGov.kz порталында "Зейнетақы аударымдары" туралы анықтама алу жолдарын  түсіндіру мақсатында  Instagram-shyrganak.auyly, facebook әлеуметтік  желілерде жарияланумен семинар  өткізілді.

12.14 тамыз 2023 жылы eGov Mobile қосымшасы арқылы "Зейнетақы жинақтары" туралы анықтама алу жолдарын түсіндіру мақсатында  Instagram-shyrganak.auyly, facebook әлеуметтік  желілерде жарияланумен семинар  өткізілді.

13.25 қыркүйек 2023 жылы Сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты, анықтаманы өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы eGov.kz порталынан алу жолдарын түсіндіру  мақсаныда Instagram-shyrganak.auyly, facebook-Шырғанақ ауылы   әлеуметтік  желілерінде  жарияланумен  семинар өткізілді

14.25 қыркүйек 2023 жылы өзіне өзі қызмет көрсету бұрышынан eGov.kz порталы арқылы зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы алу жолдарын түсіндіру  мақсаныда Instagram-shyrganak.auyly, facebook-Шырғанақ ауылы   әлеуметтік  желілерінде  жарияланумен  семинар өткізілді

15.Кеген ауданы "Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде 25 қыркүйек 2023 жылы мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Жәрменкенің негізгі мақсаты өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу, өтініштерді электронды түрде беру және электронды үкімет порталы арқылы алынатын анықтамаларды алу жолдарын түсіндіру. Жәрменкеге қатысқандар саны – 80.

16.Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарына 2023 жылғы 13 - 15 қыркүйек аралығында  құрылымдық  бөлімшенің  басшысы М.Муханова  оқып  № ALO00694 сертификат  алды.

  1. 30 қазан 2023 жылы  eGov порталы арқылы "Сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе  болмауы" туралы анықтама алу жолдарын түсіндіру мақсатында  Instagram-shyrganak.auyly, facebookәлеуметтік  желілерде жарияланумен презентация өткізілді.

18.30 қазан 2023 жылы  "E-license порталындағы автоматты режимде көрсетілетін 9 қызмет» тақырыбында Instagram-shyrganak.auyly, facebook әлеуметтік  желілерде жарияланумен дөңгелек үстел өткізілді.

19.30 қазан 2023 жылы «Е-license порталында жеке тұлғалар eGov QR арқылы авторизациядан өтіп, қызметтерді ала алады тақырыбында Instagram-shyrganak.auyly, facebook әлеуметтік  желілерде жарияланумен дөңгелек үстел өткізілді.

20.30 қазан 2023 жылы  еGov mobile қосымшасында «Цифрлық құжаттар» сервисінде 27 құжат колжетімді: жеке куәлік, туу туралы куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізүші куәлігі, диплом және тағы басқа құжаттар тақырыбында түсіндіру жүргізу  мақсатында   Instagram-shyrganak.auyly, facebook әлеуметтік  желілерде жарияланумен дөңгелек үстел өткізілді.

21.Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемесінде 01 қараша 2023 жылы мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өтті. Жәрменкенің мақсаты қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу, өтініштерді электронды түрде беру және электронды үкімет порталы арқылы алынатын анықтамаларды алу жолдарын түсіндіру. Бүгінде аудан орталығына бармай ауылдық әкімшілік ғимаратынан "Өзіне - өзі қызмет көрсету" бұрышынан қажетті анықтамаларды алу, жер учаскесін алу үшін кезекке қалай тұру керек, электронды өтініштерді қалай беру керек жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

22.14 қараша 2023 жылы Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тиімділігі тақырыбында Instagram-shyrganak.auyly, facebook әлеуметтік  желілерде жарияланумен дөңгелек үстел өткізілді.

23.Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тиімділігі тақырыбында аудандық qarqara газетіне №40-41 (257-258) санды номеріне  11 қараша 2023 жылы жарияланды.

          Округ  әкімі апаратындағы  өзіне – өзі  қызмет көрсету бұрышы арқылы 2023  жылы 97 электрондық қызмет көрсетілді.
         Халықты   ақпараттандыру  үшін   мемлекеттік  көрсетілетін   қызметтер  тізілімі, қағидалар жазылған стенд ілінген.

          Қызметтерді  уақытылы, әрі сапалы  көрсету азаматтардың   қызметке ризашылық   деңгейінің  артуы – мемлекеттік  көрсетілетін қызметтің  тиімділігін  бағалау шартының  негізгі бағыты  болып  табылады.

          2023  жылдың қорытындысы  бойынша мемлекеттік  қызмет     бекітілген мерзімде   көрсетілді, жеке  және  заңды  тұлғалардың  тарапынан  мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  шағым   келіп түспеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту  орын алмады.

   

Дата публикации
09 апреля 2024