«Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жалпы 11 адам жұмыс жасайды. Оның ішінде: 6 мемлекеттік , 5 техникалық қызметкер. Ауылдық округке қарасты 6 елді мекенде 427 отбасында 2130 адам, тұрады. Зейнеткерлер-250, Батыр аналар-15, Көп балалы-66 адам.
Жеке және заңды тұлғалардан қаңтар, ақпан айына дейінгі түскен өтініші бойынша:
Е-өтініш, Е-лицензия ақпараттық жүйесі арқылы өтініш түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 өтініш түсті. Бүгінгі күнге дейін кіріс құжат - 40, шығыс-85.
Documentollog- электронды құжат айналым жүйесі іске қосылды. Бүгінге күнге кіріс, шығыс құжаттармен жұмыстар жүргізілуде.
Салық және бюджет түсімдері бойынша 2024 жылдың қаңтар, ақпан айына мәлімет:
2023 жылғы жалпы салық болжамдары – 1 млн 960,0 2 айлық қорытындысымен 1млн 953,6 теңгеге орындалды.
Табыс салығының болжамы 513 мың теңге болса, орындалғаны 422,1 теңге
Көлік салығы болжамы 420,0 болса, орындалғаны 401,3 теңге
Мүлік салығы болжамы 32,0 мың болса, орындалғаны 51,9 теңге
Жер салығы болжамы 35,0 теңге болса, орындалғаны 54,4 теңге
Жер пайдаланғаны үшін төлем 964 мың , орнындалғаны 823,5 теңге.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақы қорына -17 млн 628 мың тг. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін бағалау мақсатында бонусқа – 2 млн 938 мың. Сауықтыру жәрдемақысына – 2 млн 938 мың. Салықтық түсімдерге - 2 млн 640 мың тг. Техникалық қызметкерлердің еңбек ақы қорына- 6 млн 720 мың. Техникалық қызметкерлердің Салықтық түсімдеріне-880 мың.
2 айлықта қаржының игерілуі 100% .
Шырғанақ ауылдық округі бойынша көше жарық шамдарын орнату үшін Шырғанақ ауылына -50, Көкпияз ауылына-10, Қарқара ауылына-10, Талды ауылына -10, Кеңсу ауылына - 10 данаға 16 млн 290 мың теңге қаржы бөлініп, біріңғай ұйымдастыру бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу порталына 31.01.2024 жылы берілді.
Шырғанақ ауылдық округі бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орынға қоршау Шырғанақ ауылына -19 млн теңге, Кіші Қарқара ауылына 18 млн теңге бөлініп, Жобалық сметалық құжаттары жасалынып, біріңғай ұйымдастыру бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу порталына 11.02.2024 жылы берілді.
Шырғанақ ауылдық округі бойынша шағын футбол алаңдарын салуға Кіші Қарқара ауылына -17 млн тг , Талды ауылына 17 млн тг бөлініп, біріңғай ұйымдастыру бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу порталына 31.01.2024 жылы берілді.
Шырғанақ ауылдық округі бойынша балалар ойын алаңын және көше жаттығу алаңдарын салуға Шырғанақ ауылына - 20 млн тг бөлініп, біріңғай ұйымдастыру бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу порталына 08.02.2024 жылы берілді.
Шырғанақ ауылдық округі, Шырғанақ елді мекенідегі жүргізілген ауыз су жүйесі Шырғанақ ауылының тұрғындарына пайдалануға берілді.
Шырғанақ ауылдық округі бойынша жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Шырғанақ ауылына -100 млн тг бөлініп, ведомсталық сараптамаға құжаттар өткізуге дайындалуда.
Көкпияз ауылына 85 млн тг бөлініп алдағы уақытта жұмыстар жүргізіледі, келісім шарт жасалған.
Кеңсу ауылына - 30 млн тг бөлініп мемлекеттік сатып алу порталына берілді.
Шырғанақ ауылдық округі, Шырғанақ ауылынан мал емдеу қашасын орнату үшін 3 млн 879 мың тг қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталына баға ұсынысы арқылы беріліп, 07.02.2024 жылғы мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша жеңімпаз мердігер Жеке кәсіпкер «Зейнуллаева» екені анықталды. Ауа райының жылынуына қарай құрылыс жұмыстарын жүргізеді.
Инвестиция тарту бойынша жұмыстар:
2024 жылдың ақпан айында тартылған инвестиция көлемі 8 млн 625 мың тг. Талды ауылы «Бастау» жеке кәсіпкерліктің төрағасы Кобенкулов Ерсайын «Ауыл аманаты» жобасы аясында 8 млн.625 мың теңге несие алып «Фарель» балығын өсіру бағыты бойынша 25 000 фарель балықтары және балық жемі алынды.
Ауыл шаруашылығы бойынша:
Кеген ауданында ауыл шаруашылығы басым сала екендігі белгілі. Ауылдық округтің жалпы аумағы - 31383га, Жайылымдық -10945 га, Егістік-2879 га
Шабындық-7148га, Ауылшаруашылық мақсатындағы жер көлемі – 24211 га. Ауыл тұрғындарының мал жайылатын жайылымдық жері – 3239 га
Ауылдық округте 173 шаруа қожалығы бар. Мал басы:
Ірі қара- , 5293 оның ішінде 2034 аналық бас,
Жылқы- 4088, оның ішінде аналығы - 1651,
Қой-ешкі - 6710, оның ішінде 3475 бас ұсақ мүйізді мал аналығы өсірілуде.
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша барлығы 18 жеке азамат өтініш білдіріп, 2 азаматтың өтініші қанағаттандырылып несиесін алды. 10 азаматтың құжаты оң қорытынды алып, құжаттарын толықтыруда. 6 азаматтың құжаты қаралуда.
Арзандатылған дизель отынына «Руслан» және «Саниязов» шаруа қожалықтары 10 тоннаға сұраныс берді.
Ветеринария саласы бойынша: бірдейлендіру мүйізді ірі қара малдарға 1545 бас төлге, ұсақ мүйізді малдарға 4058 бас төл сырғаланып, бірдейлендірілді. Мал дәрілейтін орын талапқа сай жұмыс істемейді. Мал өлексесін тастайтын орын Шырғанақ, Кеңсу, Талды ауылдарында жоқ. Қаңғыбас иттерді аулауда округ бойынша 57 бас ит ауланып, арнайы орынға өткізілді.
Жұмыспен қамту саласы бойынша жұмыстар:
Кеген ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына 2024 жылы қаңтар айынан бастап 25 жұмыссыз азамат тіркеліп, жұмыспен қамту шараларына 10 адам ақпан айынан тартылды. Тұрақты жұмыс - 9 Жаңа ашылған жұмыс орны – 9
Білім саласы бойынша
Шырғанақ ауылдық округінде 1 жалпы , 2 негізгі , 2 бастауыш мектеп, 1 - шағын орталық, 1 жеке бала бақша бар. Мектептерде оқушылар штаттық режимде білім алуда. І.Жұмағұлов атындағы орта мектебінде 202 – оқушы, 37 – мұғалім, Талды негізгі мектебінде 56– оқушы, 24 – мұғалім, Бескөл негізгі мектебінде 38– оқушы, 14 – мұғалім, Көкпияз бастауыш мектебі 6– оқушы, 4 – мұғалім, Кеңсу бастауыш мектебі 4– оқушы, 2 – мұғалім.
Денсаулық саласы бойынша
2024 жылы Ана өлімі орын алған жоқ. Дәрігерлік амбулаториясында қаңтар, ақпан айында 370 адам қабылданып, қаралды. Үйден қарау – 90. Диспансерлік есепте 135 адам тұрады. Дүниеге келген сәби – 2. Өлім - 1
Кәсіпкерлік бойынша
«Ауыл аманаты» бойынша ИП «Ахмарова» мал басын көбейту мақсатында 3 500 000 теңге алып Ірі қара малдарын сатып алды.
Өткізілген іс – шаралар бойынша:
Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» тақырыбында ауылымыздың тумасы Қазақ Ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Тілеулес Құрманғалиевтың отбасымен кездесу кеші өтті.
Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша:
Шырғанақ ауылының ішіндегі 1 км арықтар тазаланды. Ауылдық округтегі Кенсу, Талды, Кіші Қарқара, Шырғанақ, Көкпияз, Қызылжар елді мекендеріндегі 18 көпір қардан тазаланды
2024 жылы алдағы атқарылатын жұмыстар:
Ауылдық округ аумағындағы алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:
1. Туризмды дамыту, инвестиция тарту;
2. Шырғанақ ауылының көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, асфальт төсеу;
3. Ауылдық округтегі қоғамдық саяси- ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
4. Шырғанақ ауылынан балалар ойын алаңын және көше жаттығу алаңдарын салу.
5. Шағын спорттық сауықтыру кешенін салғызу;
6. Берешек көлік салығын құйғызу;
7. Ауылдық округтегі елді мекендерге бөлінген қаржы негізінде 90 дана көше жарық шамдарын орнату жұмыстарын жүргізу, жөндеу жұмыстарын атқару;
8. Шырғанақ, Кіші Қарқара ауыдарына қатты қалдық төгу орындарының қоршау жұмыстарын аяқтату;
9. Елді мекендерге санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз ету;
10. Мал емдеу профилактикалық шаралар үшін Шырғанақ ауылынан мал емдеу қашасын орнату жұмыстарын жүргізу;
11. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын ұйымдастыру;
12. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл тұрғындарына субсидия, төменгі пайызды несие, қайтарымсыз гранттар алуына ықпал ету;
13. Елді мекендегі ішкі жолдарын қысқы күтімін талапқа сай жүргізу;
14. Ауылдық округтің кіре берісіне көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, тал терек отырғызу;
15.Кіші Қарқара ауылына демеушілердің көмегімен саябақ салдыру;
16.Шырғанақ ауылы маңындағы 1042 га егістік жерлерге, ұзындығы 10 км арық (канал) жүйесін тартуға ЖСҚ жасау;
17.Округ бойынша 150 га егістік жерді жаңбырлатып суғару технологиясы арқылы суғару жұмыстарын үйлестіру;