Атаулы әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссияға өзгеріс енгізу туралы.

Қазақстан  Республикасының «Қазақсатан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 37-бабының               3 тармағына, Қазақстан  Республикасы үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеметтік көмек  көрсетудің, оның  мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту  туралы» №523 қаулысына, Қазақстан  Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені,№ 167 бұйрығына 3-қосымша сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы №167 бұйрығының 7-тармағына, Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі №327 қаулысымен  бекітілген. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссиялар туралы Ережені басшылыққа ала отырып ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Шырғанақ ауылдық округі аумағында тұратын, аз қамтылған, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын анықтап, әлеуметтік көмек көрсетуде төмендегі құрамда комиссия құрылсын:

         Е.Сарыбаев – ауыл әкімі, комиссия төрағасы.

         Д.Нүсіпжанов – бас маман, хатшысы.

         Комиссия мүшелері:

Ж.Бақбергенова – әлеуметтік мұғалім, мүшесі.

         Е.Заманбек – бас  маман, салық инспекторы.

         Е.Садыков – вет.пункт меңгерушісі, мүшесі (келісімімен)

         Г.Нүсіпбекова – ДЕ акушері, мүшесі (келісімімен)

         Б.Изгутов – учаскелік полиция инспекторы.

 

 

2.Учаскелік комиссия мүшелерінің  атқаратын қызметі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3.Ауылдық округ әкімінің 07.10.2021 жылғы  №27 шешімінің күші жойылған  болып  табылсын.

4.Аталған заңға байланысты учаскелік комиссиясының жұмысына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

Дата публикации
20 октября 2023