"Кеген ауданының ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері туралы"

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет   Кодексінің 79-бабының 1–тармағына, Кеген аудандық мәслихатының  2022 жылдың 05 қаңтардағы «Кеген аудандық ауылдық округтерінің  2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеттері туралы»  №23-80 шешімін  іске асыру мақсатында Шырғанақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2022 – 2024 жылдарға арналған Шырғанақ ауылдық округінің бюджеті, оның ішінде  2022  жылға  келесі  көлемдерде бекітілсін:

1)  кірістер 39223,0  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 9930,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері  29293,0  мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы  нысаналы трансферттер 6304,0  мың теңге;

субвенциялар 22989,0 мың теңге;  

2) шығындар 39223,0 мың теңге;

3) таза бюджет тік кредиттеу 0 теңге;

Бюджеттік кредиттер 0 мың теңге;

Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;    

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0 теңге.

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған ауылдық бюджеттің түсімдерін ерекшеліктер бойынша және шығыстарын кіші бағдарламалар бойынша бөлу бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.
Кеген ауданының ауылдық округтерінің 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеттері
Дата публикации
02 ноября 2022