
Кеген ауданында шаңғы жарысынан облыс чемпионаты өтті
Жарыс шымылдығын Алматы облысының мәслихат төрағасы Байедилов Талғат Ескендірұлы мен аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы ашып, сайыскерлерге сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді.
Жарыстың алдында ауылдық округтердің жыл 12 ай бойынша жасаған мүсіндері көпшіліктің назарына ұсынылды.
Аталған додаға Алматы облысының аудандарынан спортшылар қатысып, бақ сынасты.
Аталған шараға 9 командадан 100-ден аса спортшылар қатысты.
Жарыс қорытындысы мүсін жасау бойынша І орынды Жалаңаш ауылы жеңіп алса, ІІ орынды Саты ауылы еншіледі. ІІІ орындарға Алғабас, Қарабұлақ ауылдары лайық деп танылды.
Саты ауылының азаматы Тотыханов Бейсенбек Тұқанұлы мүсін жасап шеберлігін көрсетті.
Қысқы спорт түрлерінен өткен командалық жарыста Саты ауылы І орынды иеленді. ІІ орынға Кеген ауылының командасы табан тіреді. ІІІ орынды Қарасай ауданының командасы жеңіп алды.