жария талқылау

Ағымдағы жылдың 16 - сәуір күні "Саты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.
​ ​ ​
​ Қазақсан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 105 жеке тұлға кезекке тұрған.
2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 2 өтініш.
3. «Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – мемлекеттік қызметі бойынша өтініш 0 -тіркелді.
4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
5. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
6. "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметі бойынша өтініш тіркелмеді.
Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен электронды қызметтерді танымал ету мақсатында «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде:
1.Медиа план бойынша ақпан айында Facebook және Instagram әлеуметтік желісінде www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы қызметтерді алу туралы дөңгелек үстел өтті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау мақсатында 11 мамыр күні брошюра тарату акциясы өткізілді. Акция барысында мемлекеттік қызметтер, электронды үкімет порталы “Цифрлы Қазақстан” бағдарламасы туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарттық брошюралар таратылды.
Округ әкімі апаратындағы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2023 жылы 132 электрондық қызмет көрсетілді.
Халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, қағидалар жазылған стенд ілінген.
Қызметтерді уақытылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізгі бағыты болып табылады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет бекітілген мерзімде көрсетілді, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым келіп түспеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алмады.

Дата публикации
16 апреля 2024