хаттама

Саты ауылдық округінің әкімі А.Батанов Күрметі ауылының тұрғындарымен кездесуінің

№2 ХАТТАМАСЫ

Күрметі ауылы 14 наурыз 2024 жыл

Ауылдық округ әкімінің халықпен кездесуі Күрметі ауылы Әужан Ниязбеков атындағы негізгі мектепте сағат 1000 – да басталды.
Жиналысқа 35 адам қатысты.

ЖИНАЛЫСҚА ҚАТЫСҚАНДАР:

Ауылдық округ ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, жастар ұйымы, жергілікті қоғамдастық төрағасы мен мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.
Саты учаскелік полиция бөлімшесінің майоры Н.Бекбатыров пен полиция капитан Р.Ендеев қатысты.

ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:
1.Көктемгі тазалық жұмыстары;
2.Көктемгі дала (егін) жұмыстары;
3.Мал жайылымдарын дұрыс пайдалану (бада кезегі, малдарды жайлауға шығаруды ұйымдастыру);
4.Төтенше жағдайлардың алдын алу;
5.Ормандағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу;
6.Күнделікті ағымдағы мәселелер.

ТЫҢДАЛДЫ:
1.Ауылдық округ әкімі А.Батанов күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамасы. 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға құрылған жоспарлар.


Ауылдық округ әкіміне қойылған сұрақтар:
Өтеулиев Жолдас – ауыл тұрғыны, зейнеткер: Мал дәрігерлері, кезекті мал дәрілеу кезінде 3-4 күн күттіріп қояды. Сол жөнінде жұмыстар атқарылса?

Жауап:
Ауылдық округ әкімі А.Батанов – Алдын ала ескертулер беріліп, қай күні нақты келетін уақыттарын анықтап, жұмыс жүргізетіндіктерін жеткізді.

Сөйлеушілер:
Тыныбаев Нұрмұхамет – ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі :
Құрметті ауылдастар! Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндаманы барлығымыз тыңдадық. Көктемгі тазалық жұмыстарына жұмыла атсалысып, аталған жұмыстарда белсенді болайық.
Саты ауылының тұрғындарымен кездесудегі күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, ауылдық округ әкіміне түскен ұсыныстарды қорытындылай келе ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ауылдық округ әкімінің атына түскен ескертпелер мен ұсыныстар 10 күн ішінде қаралып, оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілсін. Олардың орындалу барысы тұрақты бақылауға алынып, бұл жөнінде ай сайын аудан әкіміне жазбаша түрде хабарлама берілсін. Бұл туралы әр тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Жиналыс төрағасы А.Батанов

Хатшы Г.Кобесова

Дата публикации
26 марта 2024