Саты ауылдық округі 2 елді мекеннен тұрады. Саты және Күрметі ауылдары.
Саты ауылдық округі аудан орталығынан 142 шақырымда орналасқан. Халық саны- 1397 адам. Түтін саны – 363.
Округте ауылдық әкімшілік, мектеп-лицей, негізгі мектеп, 30 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, мешіт және почта байланыс торабы мен мал дәрігерлік пункт бөлімшелері бар.
Ауылдық округтің жер көлемі-20530 га, елді мекеннің жері-3470 га, жалпы егістік-551 га, суармалы-225 га жер, жайылымдық жер-8876 га, шабындық жер-591 га.
Бюджет
2023 жылы Саты ауылдық округінің бюджеті 60 571,0 млн теңге болды. Оның ішінде 50 млн 161 мың теңгесі әкімшілік қызметкерлерінің жалақысы мен еңбек демалысы т.б қаралған. Еңбек ақы мен Салық аударымдарына 31 002,0 млн тг. Өзгеде ағымдағы шығындарға 8 116,0млн тг.
3 млн 100 мың теңгесі көше жарығына, оның ішінде көшелерді жарықтандыру 2 000,0 млн тг. Көше шамдарын күтіп баптау 1100,0 млн тг 710 мың теңгесі санитарлық тазалықпен күл-қоқыстарды шығаруға, 1000,0 млн теңгесі бильбордтар жасату мен көгалдандыруға, ал 3 000 млн теңгесі жолдардың жазғы күтіміне, 1500,0 мың қысқы жол күтіміне жұмсалады.
Бюджеттен бөлінген қаражат толықтай игерілді.
Салық түсімдері
Ауылдық округ әкімдігінің басты міндеттерінің бірі салық түсімдерін жинап, бюджетке құю
2023 жылы жиналып бюджетке құйылған салық
|
№ |
Салық түрлері |
Жоспар |
Орындалғаны |
|
1 |
Мүлік |
319 000 |
323 000 |
|
2 |
Жер |
128 000 |
403 000 |
|
3 |
Табыс |
3 393 000 |
5 492 000 |
|
3 |
Көлік |
4 343 000 |
4 741 000 |
|
Барлығы |
8 183 000 |
10 959 000 |
|
20 адам 2022-2023 жылдардың көлік салығына 514 000 мың теңге берешек қарыз ретінде қалып отыр. Бұл адамдардың істері сотқа жолданып, жеке шоттарын бұғаттауға санкция берілді.
Кәсіпкерлік саласы бойынша
Округ аумағында 59 шаруа қожалығы, 121 ИП жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. 13 ірі қонақ үй, 89 қондыратын үй, 2 кафе (тамақтанатын орын) 6 дүкен, 1 наубайхана жұмыс істеп тұр. 3 дүкенде аз қамтылған отбасылары үшін әлеуметтік бұрыштар ашылған. Дүкендермен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында меморандум жасалған. Ауылда 1 АЗС, 2 пилорамма жұмыс жасайды. 5 жеке кәсіпкер такси қызметі бағытында жұмыс атқарады.
Ауыл шаруашылығы саласы
Бүгінгі күнге округ бойынша 59 шаруа қожалығы заңды түрде тіркелген.
2023 жылы округте 10019 бас ірі қара, оның ішінде аналығы-8021 бас, жылқы-2192 бас, оның ішінде аналығы-900 бас, қой-ешкі- 7292 бас, оның ішінде аналығы- 9234 бас тіркелген.
2023 жылға округте 20 га жерге жаздық арпа себілді, және 105 га жерге картоп, 55 га жерге көкөніс егу жұмыстары жүргізілді.
Шаруа қожалықтары егістіктерін толығымен орып алды.
Қысқы мал азығына жоспар бойынша 10 265 тонна шөп дайындауымыз керек, қазіргі уақытта 100 пайыз қысқы мал азығы даярланды.
Ветеринария саласы бойынша
Ветеринария саласы бойынша Саты ауылдық округінде 1 вет пункт меңгерушісі, 2 вет врач, 2 вет фельдшер, 1 вет санитар, 1 күзетші жұмыс атқарады. Барлығы 7 адам. 1-Нива автокөлігімен халыққа тегін қызмет көрсетіп келеді.
2023 жылдың 10-шы айында 4761 бас ірі қарадан қан алынды. 4000 бас ірі қараға топалаң ауруына, 10950 бас ірі қараға аусыл ауруына, 3000 бас ірі қараға пастереллез ауруына, 6300 бас ірі қараға дерматит ауруына қарсы вакцина егілді. 4500 бас ірі қараға туберкулинизация жасалынды.
5198 бас ұсақ малдан қан алынды. 14 000 бас ұсақ малға топалаң ауруына, 13200 бас ұсақ малға аусыл ауруына, 6750 бас ұсақ малға шешек ауруына, 1500 бас ұсақ малға эктимаға, 5000 бас ұсақ малға пастереллез ауруына қарсы вакцина егілді.
Жыл басынан округ бойынша 25 бас ит ауланып Кеген ауданындағы ит ұстау пунктіне жіберіліп, қамалды.
Жыл басынан 2846 бас ірі қара төліне және 2824 бас ұсақ мал төлдеріне сырға, 628 құлынға чип салынып, ИСЖ порталына тіркелді.
2023 жылдың басынан сатылған малдарға 165 малдәрігерлік анықтама (форма1) берілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала
2023 жылдың 8 айында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны- 50 адам оның 44 адамы жұмыспен қамту шараларына тартылды. Қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны- 7, тұрақты жұмысқа орналастыру - 35, орындалғаны-37.
Ауыл әкімшілігі тарапынан демеушілер көмегімен 7 отбасына әр қайсысына 30-35 мың теңгеге барлығы 200 мың теңгеге азық-түлік пакетін табыс етілді. Маусым-тамыз айларында 1 жалғыз басты ананың үйінің айналасына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ауласы қоршалып берілді ауыл азаматтарының көмегімен жүргізілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Қоғамдық жұмысқа 8 адам тартылып әктеу,сырлау,көше тазалығы жұмыстарын атқарды.
Жұмысқа орналастыру
- жылдық жоспар - 35 адам
- орындалғаны - 27 адам
- қалғаны - 8 адам
- орындалуы - 77 %
Жаңа жұмыс орнын ашу
- жылдық жоспар - 60
- орындалғаны - 51
- орындалуы - 85 %
«Ауыл аманаты» бағдарламасына Саты ауылынан 1 адам құжат өткізді (8 млн теңге). Нәтижесін күтуде.
Білім беру саласы
Саты ауылдық округінде 1 мектеп-лицей, 1 негізгі мектеп бар. «Айтжан Түркебаев атындағы мектеп – лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2023–2024 оқу жылында 1-11 сыныптар аралығында –178 оқушы. Мектепалды даярлық сыныбында–25 оқушы оқуда. Барлық оқушылар саны – 203 оқушы. Ыстық тамақпен 109 бала қамтылған.
Жалпы мұғалім саны –37, оның ішінде декреттік демалыстағы мұғалім саны – 4.
Техникалық қызметкерлер саны – 42.
Пән мұғалімдері жеткілікті, техникалық қызметкерлер толық.
«Айтжан Түркебаев атындағы мектеп – лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің жанындағы «Балауса» шағын орталығында 50 бала қабылданып, тәрбиеленуде. Шағын орталықта тәрбиешілер –4, көмекші тәрбиеші –2, аспазшы, кір жуушы қызметкерлері жұмыс атқарады.
Биылғы жылғы қысқы маусымға барлығы 68384 тонна сұйық отын жеткізілді. Жағылғаны – 26470 л. Қалғаны – 41914 литр сұйық отын.
“Әужан Ниязбеков атындағы негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1992 жылы салынып пайдалануға берілген.
2020-2021 оқу жылында мектепке облыстық бюджеттен қаражат бөлініп күрделі жөндеуден өтті. Ғимараттың жалпы аумағы - 1380 квм екі қабатты. Ғимараттың типі-типтік. Жылыту түрі - сұйық отын. Жобалық қуаты - 120 орын. Оқу кабинеттері - 15.
2023-2024 оқу жылында 1-9 сыныптар аралығында - 42 оқушы. Оқушылар толық оқулықпен қамтылған. Жалпы мұғалім саны -14. Жоғары білімдісі де -14. Техникалық қызметкерлер саны - 10. Мектеп жанындағы «Шұғыла» шағын орталығында - 20 бала қабылданып, тәрбиеленуде. Шағын орталықта аға тәрбиеші -1, тәрбиеші-1, кіші тәрбиеші-1, 0,5 ставкамен аспазшы,1,0,5 ставкамен кір жуушы-1
Қысқы маусымға барлығы 17600 тонна сұйық отын жеткізілді. 2023-2024 оқу жылындағы сынып комплектісі - 8.
Денсаулық саласы
Саты ауылдық округінде бір мезетте 30 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ғимараты 2010 жылы пайдалауға берілді. Қазіргі таңда емханада күндізгі 2 төсек қызмет жасайды. Дәрігерлік амбулаторияда 1-акушерка 3-мейірбике және 4-техникалық қызметшілер жұмыс жасайды.
Биылғы жылғы қысқы от жағу маусымына бөлінген қатты отын 25-тонна түсірілді. 2-куб ағаш отын жеткізілді.
Санитарлық жедел-жәрдем автокөлігі бар.
Амбулаторияда РПН бойынша 1663 адам тіркелген. Оның ішінде ересектер – 1040, жалпы әйедер – 345, туыт жасындағы әйедер – 138, 14 – жасқа дейінгі балалар – 325, жас өспірімдер саны – 37. 0- 1 жасқа дейінгі балалар саны – 23. Сәби өлімі тіркелген жоқ.
Үйде қаралғандар саны 2023 жылдың 8 айына – 138 адам. Күрметі МП пунктінде 1-фельдшер жұмыс жасайды.
Мәдениет және спорт саласы
Саты ауылдық округінде 200 орындық мәдениет үйі бар.
Саты ауылдық округіндегі стадионда жас өспірімдерге арналған шағын футбол алаңы, үлкен футбол алаңы және воркаут алаңы бар. Күрметі ауылында жасалынып, құрылысы аяқталған жоқ.
Жыл басынан бері Саты ауылдық округі жастарының демеушілігімен ай сайын волейболдан, шағын футболдан жарыс өткізіліп тұрады.
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне байланысты қазақ ұлттық ойындарынан жарыс өткізілді. Кезекті көкпар ойыны болып тұрады. 25 мамыр 5 жылдық, 10 жылдық, 20 жылдық мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен волейбол, футбол ойынынан, командалық көкпардан жарыстар өткізілді. 1 маусым балаларды қорғау күніне орай жас ерекшелігіне байланысты 3 топқа бөлініп, вело жарыс ұйымдастырылды. 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай 2006 жылғы жастардың қолдауымен ауыл жастары арасынды волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Қоғамдық тәртіп
2023 жылдың басынан округте 2 қылмыс тіркелген. 1 қылмыс ашылды. 1 қылмыс Жол көлік оқиғасы болғанда адам қазасы болуына байланысты тіргеу істері жалғасуда.
Жыл басынан 98 хаттама толтырылды. Күл-қоқыстарын ауланың сыртына төккен адамдарға және әр түрлі баптар бойынша айыппұлдар салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Округ бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.
2024 жылға атқарылатын жұмыстар мен проблемалық мәселелер туралы
Алдағы атқарылатын мәселелер:
Шешімін таппай тұрған мәселелер:
Саты ауылдық округі бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті, оның ішінде 2024 жылға арналған бюджеті 100 891,0 мың теңге
болып төмендегіше бекітілген.
Ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстау үшін 39 374,0 мың теңге болса
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы оның ішінде: елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру:
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 25 900,0 мың теңге, оның ішінде:
- санитарияны қамтамасыз етуге 1 500,0 мың,
- ауылдық округтің тұрмыстық қалдықтарын шығару (жою) бойынша жұмыстарына 1400,0 мың,
- Күрметі ауылынан қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орнын қоршауға 18 000,0 мың теңге қарастырылған.
Бүгінгі күнде Күрметі ауылынан қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орнын анықтау ждұмыстары жүргізіліп, ол жерге мемлекеттік акт алу жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру үшін 23 000,0 мың теңге, оның ішінде:
Бүгінгі күнде Күрметі ауылынан шағын футбол алаңын Күрметі ауылынан шағын футбол алаңының орны анықталып, сызбасы әзірленіп, мемлекеттік акт алу жұмыстар жүргізілуде.
Көлік және коммуникация:
«Кеген ауданының ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 16-75 шешімін іске асыру мақсатында 2024 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің түсімдерін ерекшеліктер бойынша және шығыстарын кіші бағдарламалар бойынша бөлу бекітілді.
25 қаңтар 2024 жылғы аудан әкімінің өкіміне сай Саты ауылдық округі әкімі аппаратына 1 курьер және 0,5 ставкада қазандық машинисі деген штаттар қосылып отыр. Осыған байланысты мамандығы бар азаматтарды жұмысқа қабылдау жүргізілуде. Барлығы 6,5 штат саны бар.
Сонымен қатар ауылдық округ әкімшілігі 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сай алда тұрған жұмыстарды атқарады. Мемлекеттік мерекелер мен даталы күндерге сай мәдени көпшілік шараларын өз деңгейінде өткізу жоспарланған сонымен қатар облыс көлемінде өтетін Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы, Заманбек Нұрқаділовтың 80 жылдығын өз деңгейінде өткізу де жоспарымызда бар.
Саты ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысының 2024 жылға арналған, ауылдық Ақсақалдар кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары жасалып, келісілген.
Биылғы жылы саты ауылы мәдениет үйінде аудандық «Ауылым-алтын бесігім» атты мәдени шара жоспарланған.
2024 жылы Саты мәдениет үйі ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол аудандық «Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ арқылы ашық конкурс түрінде жүргізіледі. Бүгінгі күнде біріңғай ұйымдастырушы арқылы конкурсқа берілді.
2024 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасын халыққа түсіндіру, насихаттау несие алушылар санын көбейту мақсатында 26 қаңтар күні Қонаев қаласында болып өткен жиынға қатысу нәтижесінде 53 бағдар бойынша халыққа түсіндіру;, Окруттегі шаруа қожалықтар мен ауладағы малдарды толықтай жазғы жайылымға, жайлауға көшіруді ұйымдастыру;, Инвестиция тарту мақсатында өз қаражаты есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің, қонақ үйлердің санын көбейту, құжаттарын заңдастыру, салық және статистика басқармаларына тіркеуге алуды ұйымдастыру;, Көктемгі және күзгі санитарлық тазалық, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Сонымен қатар ауылдық округте шешімін таппай тұрған мәселелерде бар. Олар:
Осы мақсатта «Көлсай» қоғамдық бірлестігімен Экологиялық туризмді дамытуда және Саты ауылдық округі аумағында антропогендік жүктемені төмендетуде;
Саты ауылдық округі аумағында өткізілетін түрлі табиғат қорғау іс шараларына қатысуға;
Биоалуантүрлілікті және экожүйелерді сақтау, климаттың өзгеруіне бейімделу, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану, орман және жайылымдық экожүйелер, жаңартылатын энергия көздері есебінен парниктік газдар шығарындыларын азайту, Энергия тиімді құрылыс, энергия үнемдейтін және ресурс үнемдейтін "жасыл" технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін енгізу, су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, мелиоративтік жердің жай-күйі және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға;.
Саты ауылдық округі аумағында құрғақшылықтың, шөлейттенуідің және жердің деградациясына қарсы күресте, оның алдын алуда, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын тез өсіру үшін озық технологияларды енгізуде және гранттық ақшалай қаражат есебінен фермерлер мен шаруа қожалықтарына көмек көрсетуде;
Ұлттық парк пен оның күзет аймағының аумағында жергілікті тұрғындардың қоқыс шығару және мал жаю проблемаларын шешуді ұйымдастыруда мақсатында екі жақты мемарандум жасалуда.