Талдамалық анықтама

Алматы облысы Кеген ауданының «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне                              ішкі талдау нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Саты ауылы                                                                                      06.07.2026  жыл

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – ауылдық округ әкімінің аппараты) ауылдық округ әкімінің «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2026 жылғы 06  шілдедегі  №20-ө-н/қ өкімінің негізінде 2026 жылдың 30 мамыр мен 3 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін 2026 жылдың I жартыжылдық кезеңі болып айқындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 Жарлығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларына» сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

 

АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ:

Кеген ауданының «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ-сі  өз қызметінде:

- ҚР «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен;

-«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;

- «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»;

- ҚР Азаматтық Кодексімен

- ҚР Жер Кодексімен

- ҚР Еңбек Кодексі

- Кеген ауданының «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесімен өз қызметін жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

          2026 жылдың 6 айында округ әкімі негізгі қызмет бойынша 33 шешім,       негізгі қызмет бойынша 20- өкім және жеке құрам бойынша 21- өкім шығарды.. 2026 жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша  Саты ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлерінде   тәртіптік  жаза алған  мамандар  жоқ. Жеке құрам бойынша өкімдер және негізгі қызмет бойынша өкімдер "E-Kyzmet" ақпараттық  жүйесіне  өз мерзімінде енгізіліп отырды. Кеген ауданы прокурорының есепті кезеңде шешім мен өкімдердің күшін жою туралы наразылықтары болған жоқ.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша:

Аппарат қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, уақытылы және сапалы орындау бойынша жауапты маман құрылымдық бөлімшенің  басшысы  Олжас Қырғызжанұлына бекітілген.

          Жеке қабылдау бойынша 22 өтініш. Оның ішінде: Жұмыспен қамту -1, Ауыл аманаты - 2, Салық мәселесі - 3, Ауыз су мәселесі - 2, қоқысты  арнайы  орынға  төгуді сұрайды - 2, Жол мәселесі -1, Көше жарық шамы-3,  Тұрғын үй мәселесі-1, Жер  мәселесі – 7. 

          Е-өтініш ақпараттық жүйесіне 13-өтініш тіркелді.  2 – сұрау салу, 11-арыз. Е-өтініш ақпараттық жүйесіне келіп  түскен, тіркелген  хаттарға,  ұсыныстарға, өтініштерге  қолайлы  акт  қабылданып,  толықтай  қанағаттандырылды.

Заңды тұлғадан түскен өтініш жоқ.

Кіріс құжаттары-86, Шығыс құжаттары -184.

Кеген ауданының «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 01.01.2026-30.06.2026 аралығындағы құжаттар айналымы туралы  мәліметті  тоқсан сайын  кадр бөліміне  жіберіліп  отырды.

Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің сайтына тұрғындар тарапынан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.

Ұсыныс: Жер  мәселелері бойынша  «Жер қатынастар  бөлімі» ММ-сі, Кеген  аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі, «Сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік  мекемелерімен   өзгерістер  және  құжаттар   қабылдау  тәртібі  жөнінде  семинар өткізу.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша;

          «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ  мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес  5 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекетті қызмет көрсету бойынша 100 өтініш келіп  түсті оның ішінде: Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-12. Жер часкесінің нысаналы мақсатты өзгертуге шешім беру-2, дәлелді бас тарту-86.

          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  шағым   келіп түспеді.                      

2026 жылдың 6 айында мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес көрсетілген қызметтер  бойынша өтініш берушілерден шағымдар түскен жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат бар стендтер ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округте тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша округ әкімінің аппараты тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушілер мен Мемлекеттік корпорация орналасқан жерлерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыру арқылы ұсынылады.

Талдау барысында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында ақпарат тақтасы бар екендігі анықталды.

Ұсыныс: «Қазақстан Республикасының Жер Кодексі», «Мемлекеттік  қызмет  көрсету»  қағидалары  бойынша қызметкерлер арасында аудан деңгейінде  тиісті мекемелрді қатыстыра отырып семинар өткізу.

 

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы:

Есептік кезеңде округ әкімі аппаратының мамандары Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Ұсыным: қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы:

2026 жылға арналған штаттық кестеге сәйкес Кеген ауданының «Саты  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің штат саны 5 адамды құрайды.

Округ әкімі аппаратының штат саны 5 бірлік, оның ішінде: Шырғанақ  ауылдық округінің әкімі – 1 бірлік, құрылымдық бөлімше басшысы – 1 бірлік, бас мамандар-3.

Талдау кезеңінде округ әкімі аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылықтар, сондай-ақ теріс қылықтар болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің қатарынан лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды аудандық кадрлар басқармасының бірыңғай қызметі жүзеге асырады.

Округ әкімінің аппаратында кадрлардың ауысуы болған жоқ.

Ұсынылады: конкурсты өткізу кезінде конкурстық рәсімдерді және кандидаттарға қойылатын талаптарды реттейтін заңдарды және нормативтік-құқықтық актілерді қатаң басшылыққа алу.

          Есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі келесі құжаттарды ұсынамыз:

1)«Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ аппарат қызметкерлері арасында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізуге;

2) Тоқсанына 1 рет мамандармен Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын зерделеу бойынша семинарлар өткізу;

3) Ауылдық округ әкімінің аппараты алдағы қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қажетті бақылау шараларын қабылдасын, аппарат қызметтік міндеттерін орындауға жауапты қызметкерлерінің арасында семинарлар өткізсін.

 

Жұмыс тобының төрағасы

Сағымжан Нұрым                                              Саты ауылдық округінің әкімі

Қайырғалиұлы

Жұмыс тобының мүшелері:

Қырғызжанұлы Олжас                                       Кеген ауданының «Саты ауылдық              округі әкімінің аппараты» ММ-нің құрылымдық бөлімшенің басшысы

 

Ибраим Мәулен Қанатұлы                                Кеген ауданының «Саты ауылдық              округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы

 

Ыдырысов Малик                                              Кеген ауданының «Саты ауылдық

Молдакадырович                                               округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-салық инспекторы

 

Бақнұр Ануар Еркінбекұлы                               Кеген ауданының «Саты ауылдық              округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-есепшісі

 

 

Дата публикации
14 сентября 2026