GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы
Меню
Страницы
Әкім аппараты
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Ауыл шаруашылығы
09 октября 2026
Хабарландыру!
Ауыл шаруашылығы
06 октября 2026
«Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі бағыттары, шарттары және қатысу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді Кеген ауданында ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына және шаруашылығын дамытуына қолдау көрсететін «Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі бағыттары, шарттары мен қатысу тәртібін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Батырханұлы төрағалық етті. Кездесуде «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, қаржыландыру тетіктері, құжаттарды рәсімдеу тәртібі және ауыл тұрғындары үшін қарастырылған мүмкіндіктер кеңінен түсіндірілді. 2026 жылы Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығына бекітілген лимитке сәйкес, Кеген ауданына 21 жобаға 317 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Бөлінген қаржы бірнеше бағытты қамтиды: мал шаруашылығы – 10 жоба, оның ішінде 1 кооператив; өсімдік шаруашылығы – 4 жоба, оның ішінде 1 кооператив; қайта өңдеу – 3 кооператив; өзге де қызмет түрлері – 45 жоба. Қазіргі таңда мал шаруашылығы бағыты бойынша 9 жеке кәсіпкер мен 1 кооперативтің құжаттары «СПК Қонаев» АҚ-ға тапсырылған. Сонымен қатар 2026 жылдың басында 2024 жылы тапсырылған 40 құжат «СПК Қонаев» тарапынан кері қайтарылған.
Мәдениет
06 октября 2026
ҚР Әділет министрлігінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №899 бұйрығымен бекітілген 2024–2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарының 30-тармағына сәйкес, Кеген ауылдық округі әкімінің аппаратында «Құқықтық кабинет» ұйымдастырылып, тұрғындардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Іс-шара барысында тұрғындарға қолданыстағы заңнама нормалары бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттар берілді.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары
05 октября 2026
03 қазан күні Кеген аудан көлемінде "Таза Қазақстан" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сенбілік өтті.
Мәдениет
02 октября 2026
ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Кеген ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге арналған тағылымы мол, мерекелік кеш өтті. Ізгілік пен мейірімге, үлкенге құрмет пен кішіге ізетке үндейтін тағылымды шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Батырханұлы, аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, Кеген ауылдық округінің әкімі Ысқақ Ернат Сембекұлы қатысып, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарды мерейлі мерекемен құттықтады. Құттықтау барысында елдің бірлігі мен берекесін арттыруға, кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан аға буынның орны ерекше екені атап өтілді. Шара барысында ақсаладарымыз батасын берді. Мерекелік кеш әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, әсем әндер жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады
Ауыл шаруашылығы
22 сентября 2026
2026 жылғы 15 қыркүйекте Кеген ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Нуркалиевтің қатысуымен Кеген ауылдық округіне қарасты Кеген, Түменбай және Темірлік елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, инфрақұрылым және тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары
11 сентября 2026
Кеген ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Нұрқалиев Еркебұлан Тұрлыбақыұлы Кеген, Түменбай, Темірлік ауылдарының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары
10 сентября 2026
«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ Кеген ауылдық округі әкімінің мемлекеттік мекемесі қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында М.Балапанов көшесінде тазалық жұмыстары жүргізілді. 🌱 Тазалық – баршаға ортақ міндет. Туған жердің көркеюіне үлес қосу – әр азаматтың жауапкершілігі. Таза ауыл – таза орта – жарқын болашақ!
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары
04 сентября 2026
Жеке азаматтардың келіп түскен арыз-шағымдары негізінде мобильдік топ құрылып, рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары
04 сентября 2026
Кеген ауылының көшелерінде ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жолдың жарамсыз учаскелеріндегі шұңқырлар арнайы техника көмегімен тазартылып, асфальт қоспасымен толтырылып, қалпына келтірілуде.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы