Кеген ауылдық округіндегі проблемалық мәселелер

Кеген ауылындағы 5 көп қабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстарына  135 млн 000 теңге қаражат қаралып мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсы жарияланып,  «ASTANASTROYCOMPLECT» 89 млнға ұтып алып,  жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі күнге құрылыс мамандарымен қамтамасыз етіліп, құрылысқа қажетті материалдар сатып алынып, бейсенбі күні құрылыс жұмыстарын бастайды. Жазғы, күзгі  жолдарды күтуге қаралған қаражатты мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсына берілді.

        Күл-қоқыс тастайтын орынның қоршауына  60 млн тг қаражат бөлініп, 49 млнға смета жасалып, конкурсқа берілді. Қалған 11 млнға 2 км жол жасату жұмыстары ұйымдастырылуда. Сметасы жасалу үстінде.   

         Ауылдық округтің тұрмыстық қалдықтарын шығару (жою) бойынша жұмыстарын 7 млн 059 мыңға қаралып 5 млн 923 мыңға «АЛИ-ИНВЕСТ-СТРОЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып анықталып жұмыстарын жүргізуде.

 

Дата публикации
23 мая 2024