
Білім саласы бойынша
Кеген ауылдық округінде 3 орта, 1 бастауыш мектеп және 1 аудандық кітапхана, 1 ауылдық кітапхана жұмыс жасауда. Кітапханада 20 адам жұмыс жасайды. Мектептерде 234 мұғалім, 1773 оқушыға дәріс береді. Округте 4 балабақша жұмыс істеуде, оның ішінде 2 жекеменшік балабақша. Балабақшаларда барлығы 56 тәрбиешілермен 495 бала тәрбиеленуде. 1 өнер мектебі, ол жерде 25 педагог, 3 бағытта 8 мамандық бойынша жұмыс жасайды. Кеген ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 28 жаттықтырушы, 864 жасөспірімдерге 9 спорт түрінен дәріс береді. Балабақшалар мен білім беру ошақтары қажетті сұйық және қатты отынмен қамтамасыз етіліп, бөлме температуралары қалыпты жағдайда.