
Округте 1 аудандық аурухана, 1 емхана, Түменбай ауылында 1 медпункт жұмыс жасап, онда барлығы 383 дәрігер, 125 орта буын медицина қызметкері халыққа дәрігерлік қызмет көрсетеді. Науқастарға арналған 140 төсек орындарымен жабдықталған. Оның ішінде күндізгі бөлім бойынша 50 төсектік орындармен қамтылған. Темірлік ауылында тұрғындарға медициналық қызмет Кеген ауылынан фельдшер арқылы қызмет көрсетіледі.