Статистикалық ақпарат және көрсеткіштер

2023 жылдың атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері туралы.

 

Қарқара ауылдық округі 3 елді мекеннен тұрады. Қарқара, Ереуіл, Мыңжылқы ауылдары.

Қарқара ауылдық округі аудан орталығынан 14 шақырымда орналасқан. Халық саны- 2026 адам. Түтін саны – 387.

 Округте ауылдық әкімшілік, орта мектеп, бастауыш мектеп, 30 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, мешіт және почта байланыс торабы мен мал дәрігерлік пункт бөлімшелері бар.

Ауылдық округтің жер көлемі-22829 га, елді мекеннің жері-2093 га, жалпы егістік-4634 га, суармалы-1054 га жер, жайылымдық жер-13370 га, шабындық жер-4808 га.

Бюджет

2023 жылы Қарқара ауылдық округінің бюджеті 42 млн. 096 мың теңге болды. Оның ішінде 36 млн. 986 мың теңгесі әкімшілік қызметкерлерінің жалақысы мен еңбек демалысы т.б қаралған.

1 млн 400 мың теңгесі көше жарығына, 710 мың теңгесі санитарлық тазалықпен күл-қоқыстарды шығаруға, 1 млн теңгесі бильбордтар жасату мен көгалдандыруға, ал 2 млн  теңгесі қысқы жол күтіміне жұмсалады.

Қазіргі уақытқа 32 млн теңге қаражат игерілді. Қалған сома жыл аяғына дейін игеріледі.

                                          Салық түсімдері

         Ауылдық округ әкімдігінің басты міндеттерінің бірі салық түсімдерін жинап, бюджетке құю

2023 жылы жиналып бюджетке құйылған салық

№

Салық түрлері

Жоспар

Орындалғаны

1

Мүлік

99 000

114 000

2

Жер

282 000

378 500

3

Көлік

2963 000

3397 000

Барлығы

 3344 000

3 889 000

 

2023 жылға 2020-2022 жылдарға 42 адамның көлік салығына 818 000 мың теңге берешек қарыз ретінде қалып отыр. Бұл адамдардың істері сотқа жолданып, жеке шоттарын бұғаттауға санкция берілді.

 

 

 

Кәсіпкерлік саласы бойынша

Округ аумағында 25 жеке кәсіпкер тіркелген.  3 дүкенде аз қамтылған отбасылары үшін әлеуметтік бұрыштар ашылған. Дүкендермен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында мемарандум жасалған.

Ауыл шаруашылығы саласы

Бүгінгі күнге округ бойынша 125 шаруа қожалығы заңды түрде тіркелген.

 2023 жылы округте 4752 бас ірі қара, оның ішінде аналығы-1577 бас, жылқы-8833 бас, оның ішінде аналығы-1168 бас, қой-ешкі-14393 бас, оның ішінде аналығы- бас тіркелген.

         2023 жылға округте 525 га жерге жаздық арпа себілді, және 420 га жерге картоп, 22 га жерге көкөніс егу және 300 га күздік бидай егу  жұмыстары жоспарланған.

Қазіргі уақытта жаздық арпа еккен шаруа қожалықтары егістіктерін толығымен орып алды.

Қысқы мал азығына жоспар бойынша 15 000 тонна шөп дайындауымыз керек, қазіргі уақытта 100 пайыз қысқы мал азығы даярланды.

Ветеринария саласы бойынша

Қарқара ауылдық округінде 1 вет пункт меңгерушісі, 5 вет санитар барлығы 6 адам 1-Нива автокөлігімен халыққа тегін қызмет көрсетіп келеді.

2023 жылдың 8 айында 3855 бас ірі қарадан қан алынды. 3750 бас ірі қараға топалаң ауруына , 5860 бас ірі қараға аусыл ауруына, 1750 бас ірі қараға пастереллез ауруына, 4700 бас ірі қараға дерматит ауруына қарсы вакцина егілді. 1000 бас ірі қараға туберкулинизация жасалынды.

5111 бас ұсақ малдан қан алынды. 5250 бас ұсақ малға топалаң ауруына, 16430 бас ұсақ малға аусыл ауруына, 5700 бас ұсақ малға шешек ауруына, 2500 бас ұсақ малға эктимаға,  2000 бас ұсақ малға пастереллез ауруына қарсы вакцина егілді.

Жыл басынан округ бойынша 60 бас ит ауланып Кеген ауданындағы ит ұстау пунктіне жіберіліп, қамалды.

Жыл басынан  1444 бас ірі қара төліне және 3593 бас ұсақ мал төлдеріне сырға, 436 құлынға чип салынып,  ИСЖ порталына тіркелді.

2023 жылдың басынан сатылған малдарға 199 мал дәрігерлік анықтама (форма1) берілді.

 

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала

2023 жылдың 10 айында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны-90 адам  оның 63 адамы жұмыспен қамту шараларына тартылды.         Қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны-23, тұрақты жұмысқа орналастыру-60, орындалғаны-35, жаңа жұмысқа орналастыру-90, орналасқандар-25, жастар тәжірбиесі-1 күміс жас- 6,  бастау бизнес оқығандар -15, әлеуметтік жұмыс орны- 3 және қайтарымсыз грант алғандар-2 адам (2 млн 760 тенге).

 Ауыл әкімшілігі  тарапынан 6 тыл ардагеріне әр қайсысына 20 мың теңгеге барлығы 120 мың теңгеге азық-түлік пакетін табыс етілді. Сонымен қатар демеушілердің көмегімен (Асқарбаев Бақытжан) мешітке 5 тонна қатты отын, ауыл ақсақалы Шөжімбеков Елжас атамызға 20-рулон мал азығы және тұрмыс жағдайы төмен 30-отбасыға (Жөргенбаев Мұхтар) әр қайсына 30 мың теңгеден 900 мың тегеге көлемінде азық-түлік топтамасы таратылып берілді.

Маусым-тамыз айларында 3 жалғыз басты қарт әжелер мен 2 ауыл тұрғынның үйлеріне әктеу жұмыстары жүргізілді.

Білім беру саласы

         Қарқара ауылдық окргугінде 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп бар.  Орта мектепте 47 мұғалім 239 оқушыға білім береді. Ыстық тамақпен 115 бала қамтылған. Жоспарланған сұйық отын 38,338 тн болса, бүгінгі күнге орта мектепке қысқы от жағу мерзіміне 26,305 тонна сұйық отын құйылды.  Қалған сұйық отын (12,075 тн ) осы аптада келеді деп жоспарлануда.

Ереуіл бастауыш мекетебінде 1 мұғалім, 7 тех. қызметкер, 4 оқушы бар.  5 куб ағаш отын. 12 тн ойқарағай қатты отыны түсірілді.

Қарқара ауылдық округінде 1 жекеменшік балабақша жұмыс істейді.  

Денсаулық саласы

Қарқара ауылдық округінде бір мезетте 30 адамды қабылдайтын  дәрігерлік амбулатория ғимараты 2022  жылдың қазан айының 25-де  пайдалауға берілді. Дәрігерлік амбулаторияда 1-дәрігер, 1-фельдшер, 5-мейірбике және 3-техникалық қызметшілер жұмыс жасайды.

Биылғы жылғы қысқы от жағу маусымына бөлінген қатты отын 25-тонна болса, 23-тоннасы түсірілді. 2-куб ағаш отын жеткізілді.

 Бүгінгі күнге құжаттары толық рәсімделіп электор қуатына қосылған жоқ. 

Санитарлық жедел-жәрдем автокөлігі ескі пайдалануға жарамсыз.

Амбулаторияда РПН бойынша 1505 адам тіркелген. Оның ішінде  ересектер – 1076, жалпы әйедер – 420,  туыт жасындағы әйедер – 243, 14 – жасқа дейінгі балалар – 339 , жас өспірімдер саны – 90.   0- 1 жасқа дейінгі балалар саны – 24.

Үйде қаралғандар саны 2023 жылдың 8 айына – 129 адам.

Ереуіл Фельдшерлік пунктінде 1-фельдшер жұмыс жасайды.

Биылғы жылғы қысқы от жағу маусымына бөлінген қатты отын 5-тонна болса, 3-тоннасы түсірілді. 0,5-куб ағаш отын жеткізілді.

Мәдениет және спорт саласы

         Қарқара ауылдық округінде 180 орындық спорт залымен біріктірілген мәдениет үйі салынуда. Биылғы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Биылғы жылы жеке кәсіпкер Жөргенбаев Марат ағамыздың демеушілігімен Қарқара ауылдық округінің әжелеріне 250 мың теңге көлемінде қазқи нақыштағы әжелер киімдерін алып берді.

Қарқара ауылдық округіндегі стадионда жас өспірімдерге арналған шағын футбол алаңы, үлкен футбол алаңы және воркаут алаңы бар.

         Жыл басынан бері Қарқара ауыл жастарының демеушілігімен ай сайын Алматы қаласында шағын футболдан жарыс өткізіліп тұрады.

22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне байланысты қазақ ұлттық ойындарынан жарыс өткізілді. Сәуір айында Райымбек және Кеген ауданы арасында  кезекті көкпар ойыны болып өтті. 25 мамыр 5 жылдық, 10 жылдық, 20 жылдық мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен волейбол, футбол ойынынан, командалық көкпардан жарыстар өткізілді. 1 маусым балаларды қорғау күніне орай жас ерекшелігіне байланысты 3 топқа бөлініп, вело жарыс ұйымдастырылды.

                                        Қоғамдық тәртіп

2023 жылдың басынан округте 4 қылмыс тіркелген. 3 қылмыс ашылды. 1 қылмыс «КазМясо» ЖШС-нің 50 бас ірі қара малы өздеріне тиісті қоршау ішінен жоғалған. Бүгінгі күнде ашылған жоқ.

Жыл басынан  40 хаттама толтырылды. Күл-қоқыстарын ауланың сыртына төккен адамдарға және әр түрлі баптар бойынша 27  айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
05 марта 2024