Қарқара ауылдық округі бойынша қоғамдық ұйым мүшелерімен болған жиналысының
№ хаттамасы
Қарқара ауылы. 12.02.2024 ж.
Сағат 10.00
Өткізілген орны: Қарқара ауылдық әкімшілігі ғимараты.
Жиналысқа ауылдық округінің әкімі Е. Сатыбалдиев, ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Асқарбаев, аналар кеңесінің төрайымы К.Алдибаева, қауымдастық жиын төрағасы Ә.Жексембиев және қауымдастық мүшелері қатысты.
Жиналыс төрағасы- Е. Сатыбалдиев
Хатшысы – Д. Байтемиров
Күн тәртібінде :
Тыңдалды:
Қарқара ауылдық округі әкімі Е.Сатыбалдиев күн тәртібіндегі мәселе туралы айта келіп, үй алу кезегінде тұрған азаматтар тізімімен таныстырды.
Сөйлеушілер:
1.Асқарбаев Бақытжан, Ақсақалдар алқасының төрағасы- Құрметті жиналысқа қатысушылар ауылдық округ әкімі күн тәртібіндегі мәселе туралы айтып, кезекте тұрған азаматтар тізімен таныстырды. Бұл жерде көп балалы аналар мен мүгедектігі бар азаматтар екен. Саралай келе басындағы үйі апаттық жағдайда тұрған, мүгедек туыстарын асырап жатқан көп балалы отбасы Рысқұлов Талғаттың отбасына ал екінші үй пәтер жалдап тұрып жатқан мүгедектігі бар жалғыз басты ана Мамырқұлова Бануға берілсін деген ойым бар.
2.Алдибаева Күлашхан, Аналар кеңесінің төрайымы- Мен де Бақытжан ағамыздың сөзіне қосыламын. Үй сұрап округ әкіміне келіп жүрген Рысқұлов Талғат көп балалы, мүгедек тусытарын асырап отырған, үйі апаттық жағдайда тұрғаны рас. Тұрып жатқан үйі апаттық жағдайда тұрғандығын және қыстың күні аяздарда жылмай жүргені туралы маған да айтқан еді. Ал екінші үйді маған көрші үйден пәтер жалдап жүрген мүгедектігі бар жалғыз басты ана Мамырқұлова Бануға берілсін деген ұсынысты қолдаймын.
Сөйлеушілердің сөзін тыңдай келіп
Жиналыс төрағасы: Е. Сатыбалдиев
Жиналыс хатшысы : Д. Байтемиров