3-параграф. Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

3-параграф. Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

      47. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

      48. Бастапқы материалдарды алғаннан және эскизді (эскиздік жобаны) әзірлегеннен кейін өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушімен келісуді жүзеге асырады.

      Эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған мақсатына, негізгі параметрлеріне, объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына және көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге қойылатын талаптар кешеніне ауытқуларына сәйкес болуы қажет.

      49. 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

      50. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      51. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтерді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      52. Өтінішті және қоса берілген эскизді (эскиздік жобаны) тіркеуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды қарап, өтініш берушінің және (немесе) 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарайды.

      53. 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құжаттарды қарау қорытындысы бойынша осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші келісім-хатты немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.

      2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушімен өтініш берушінің "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      54. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша 2-ші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) өтініш берушінің және (немесе) 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) эскиздің (эскиздік жобаның) осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған құрамы мен мазмұнына сәйкес келмеуі;

      4) эскиздің (эскиздік жобаның) тағайындалынуға қойылатын талаптар кешеніне сәйкес келмеуі;

      5) эскиздің (эскиздік жобаның) негізгі параметрлерге сәйкес келмеуі;

      6) эскиздің (эскиздік жобаның) объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына сәйкес келмеуі;

      7) эскиздің (эскиздік жобаның) көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге сәйкес келмеуі;

      8) эскиздің (эскиздік жобаның) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмеуі.

      Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.

      Өтініш беруші 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

      Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес.

 

      54-1. Осы Қағидалардың 54-тармағында және 2-ші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жолданады.

     

      55. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші оны есепке алады.

      56. 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету немесе дәлелді бас тартуды ұсыну мерзімі –10 (он) жұмыс күні.

      57. Көрсетілетін қызметті беруші 2-ші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      58. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

     

      59. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

Дата публикации
18 октября 2023