Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы санатын алу үшін не істеу керек?

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы санатын алу үшін не істеу керек?

      Біліктілікке қойылатын талаптар: "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, оның ішінде Тізілімге енгізілген спорт түрлері бойынша:

      немесе Азия немесе Пара Азия ойындарында (жазғы, қысқы) 7-8 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе барлық жас топтары арасында Әлем чемпионатында немесе Азия чемпионатында немесе Дүниежүзілік Универсиадада 7-8 орын алған немесе студенттер арасында Әлем чемпионатында 4-5 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жас топтары арасында Әлем чемпионатында немесе Азия чемпионатында 8-9 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 2-3 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе ересектер арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасында (жазғы, қысқы) немесе Қазақстан Республикасының Универсиадасында 2-3 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) құрама командасына үш спортшы даярлау;

      немесе одан әрі жетілдіру үшін екі спортшыны республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға мамандандырылған мектеп-интернаттарға-олимпиадалық резервтегі колледждерге және облыстық, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға тапсыру;

      немесе дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органда немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органда кемінде екі жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы;

      немесе "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағынан төмен емес спорттық атақтың болуы.

Дата публикации
18 октября 2023