Алматы облысы Кеген ауданы «Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Қарқара ауылы 28.09.2023 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – ауылдық округ әкімінің аппараты) ауылдық округ әкімінің «Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2023 жылғы 19 қыркүйек №33-ө-н/қ өкімінің негізінде 2023 жылдың 19-29 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жалпы кезең 2022 жылғы 12 ай болып айқындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Жарлығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларына» сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ;
Кеген ауданының «Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі өз қызметінде:
- ҚР «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен;
- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;
- «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»;
- ҚР Азаматтық Кодексімен
- ҚР Жер Кодексімен
- ҚР Еңбек Кодексі
- Кеген ауданының «Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесімен өз қызметін жүзеге асырады.
2022 жылдың 12 айында округ әкімі негізгі қызмет бойынша 10 шешім, 41 негізгі қызмет бойынша өкім және жеке құрам бойынша 37 өкім шығарды. Негізгі қызмет бойынша шешімдердің есебі тоқсан сайын талдау үшін Еңбекшіқазақ ауданаралық Әділет басқармасына беріледі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлеріне «ескертулер» болған жоқ. Жеке құрам бойынша өкімдер және негізгі қызмет бойынша өкімдер "E-Kyzmet" ақпараттық жүйесіне өз мерзімінде енгізіліп отырды. Кеген ауданы прокурорының есепті кезеңде шешім мен өкімдердің күшін жою туралы наразылықтары болған жоқ.
Аппарат қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, уақытылы және сапалы орындау бойынша жауапты маман құрылымдық бөлімшенің басшысы Біржансалов Елжан Қанатұлы бекітілген.
Кеген ауданының «Қарқара ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 01.01.2022-31.12.2023 аралығындағы құжаттар айналымы туралы мәлімет:
Жеке қабылдау бойынша 75 өтініш. Оның ішінде: Жұмыспен қамту -25, отынға көмек мәселесі-7, жерге байланысты -15, лизингке техника алу-5, салық-3, ауыз су мәселесі-5, АСП-5, өзге де-10.Толықтай түсіндірілу жұмысы жүргізіліп, қанағаттандырылды.
Е-өтініш ақпараттық жүйесіне 10-өтініш тіркелді. 6-өтініш, 3-сұраныс, 1-хабарлама.
Оның ішінде: 6 - өтініш жер мәселесі туралы, 2-ауылшаруашылық туралы, 1-құрылыс жұмыстарына байланысты, 1-ұсыныс баспадан шыққан кітапты саты алу туралы ұсыныс. Өтініштер толықтай қанағаттандырылып, әкімшілік қолайлы акт қабылданды.
Заңды тұлғадан түскен өтініш жоқ.
Кіріс құжаттары-230, Шығыс құжаттары -299:
Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің сайтына тұрғындар тарапынан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Ұсыныс: «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ өтініштерді қарау мәселелері бойынша әкім аппаратының қызметкерлері арасында семинар өткізу.
«Қарқара ауылдық округі әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Көрсетілген қызметтер саны -1, барлығы-1.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде –4.
«Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет –4.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы –1.
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу –1.
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет-0
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алмады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым келіп түспеді.
2022 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес көрсетілген қызметтердің жалпы саны - 5. Мемлекеттік қызметтің бұл түрлері бойынша өтініш берушілерден шағымдар түскен жоқ.
Қағаз нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-0.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат бар стендтер ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округте тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша округ әкімінің аппараты тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 1)тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушілер мен Мемлекеттік корпорация орналасқан жерлерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыру арқылы ұсынылады.
Талдау барысында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында ақпарат тақтасы бар екендігі анықталды.
Ұсыныс: «Қазақстан Республикасының Жер Кодексі», «Мемлекеттік қызмет көрсету» қағидалары бойынша қызметкерлер арасында аудан деңгейінде тиісті мекемелрді қатыстыра отырып семинар өткізу.
Есептік кезеңде округ әкімі аппаратының мамандары Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
Ұсыным: қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.
2023 жылға арналған штаттық кестеге сәйкес Кеген ауданының «Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің штат саны 6 адамды құрайды.
Округ әкімі аппаратының штат саны 6 бірлік, оның ішінде: Қарқара ауылдық округінің әкімі – 1 бірлік, құрылымдық бөлімше басшысы – 1 бірлік, бас мамандар-3, жетекші маман-1.
Талдау кезеңінде округ әкімі аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері мен Мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылықтар, сондай-ақ теріс қылықтар болған жоқ.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің қатарынан лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.
Округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды аудандық кадрлар басқармасының бірыңғай қызметі жүзеге асырады.
Округ әкімінің аппаратында кадрлардың ауысуы жоқ.
Ұсынылады: конкурсты өткізу кезінде конкурстық рәсімдерді және кандидаттарға қойылатын талаптарды реттейтін заңдарды және нормативтік-құқықтық актілерді қатаң басшылыққа алу.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі келесі құжаттарды ұсынамыз:
1) «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ аппарат қызметкерлері арасында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізуге;
2) тоқсанына 1 рет мамандармен Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын зерделеу бойынша семинарлар өткізу;
3) Ауылдық округ әкімінің аппараты алдағы қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қажетті бақылау шараларын қабылдасын, аппарат қызметтік міндеттерін орындауға жауапты қызметкерлерінің арасында семинарлар өткізсін.
Жұмыс тобының мүшелері:
депутаты
ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің құрылымдық бөлімше басшысы
Таныстым:
Сатыбалдиев Ернат Маратұлы Қарқара ауылдық округінің әкімі