GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Все материалы
31 июля 2025
Аудан әкімінің м.а. Мұхтар Батырханұлының халықпен кездесуі.

Халықпен тұрақты кездесу кестесіне байланысты аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Батырханұлы Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ және А. Нүсіпбеков ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиыннан кейін жеке тұлғаларды қабылдады. Сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.

11 марта 2025
Ауылдық округ әкімі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
10 февраля 2025
06.02.2025г. Қарабұлақ ауылдық округ әкімі халыққа есеп беру жиналысын өткізді.

А. Нүсіпбеков және Қарабұлақ ауылдарында округ әкімінің халықпен кездесуі өтті.  Жылдық жоспар талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.

04 февраля 2025
06.02.2025 ж. Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді.

06.02.2025 ж. сағат 10:00 де Ақай Нүсіпбеков ауылы мәдениет үйі. 

06.02.2025 ж. сағат 14:30 да Қарабұлақ ауылы Қарабұлақ орта мектебі.

22 января 2025
21.01.2025 жылы А. Нүсіпбеков ауылында шағын футболдан көшеаралық жарыс өтті.

21 қаңтар 2025 жылы А. Нүсіпбеков ауылында шағын футболдан көшеаралық жарыс өткізілді. Жарыс қонағы әрі демеушілік көрсеткен кикбоксингтен Әлем кубогінің иегері, екі дүркін Еуропа, Азия және 12 дүркін Қазақстан чемпионы Елмұрат Қайыпжанов салтанатты ашылуында тілегін арнады. Ақсақалдарымыздың батасы, аналарымыздың шашуымен, спорт ардагерлерінің құттықтау сөзімен басталған жарыс қараңғылық қоюланғанша жалғасты. Әр көше ыстық астары мен ақ самауырдан шайын ұсынып, плакаттарға жалынды ұрандар жазып көтеріп, мерекелік көңіл сыйлады. Бірлігі бекем ел озады деген бабалар сөзі осындай ынтымаққа негізделсе керек. Бастаманы қолдаған көпшілікке, табандылықпен ұйымдастыра білген көше басшыларына , спорт нұсқаушылары мен "Рабат "шекара заставасына АЛҒЫС білдіреміз. Ең үздік мергенге өз балаларыңыз спорт журналисі, ақын, қаламгер Есей Жеңісұлы тілегін арнап, сый көрсетті. Спорт бұқаралығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау жолында келешекте осындай ауқымды жарыстар ұйымдастыратын боламыз.

Жарыс нәтижесі:
1-орын "Рабат" Ш/З "А" тобы
2-орын "Рабат"Ш/З "Б" тобы
3-орын Ә.Жүнісов көше командасы
4-орын Н.Мәшкеев көше командасы.
Жарыс барысында ең көп доп салған мергендер :
Ерсін Мырзаш, Диас Нүрәбілда болды.
Сондай-ақ әр командадан үздік ойыншылар марапатталды.

 

17 января 2025
Округ әкімі Р. Әлімов елді мекендердегі мектеп асханалары мен ШО жұмыстарын көріп келді.
17 января 2025
"Ұлағат" аналар кеңесі "Балапан" шағын орталығына барып келді.

"Ұлағат" аналар кеңесінің мүшесі Кәрібаева Гүлжахан "Балапан" шағын орталығына барып "Ертегілер әлемінде" тақырыбында балаларға ертегі айтып берді.

15 января 2025
Округ әкімі Р. Әлімов А. Нүсіпбеков ауылындағы "Рабат" шекара заставасында жас сарбаздармен кездесті.

Округ әкімі  Әлімов Рүстем Жеңісұлы Ақай Нүсіпбеков ауылындағы "Рабат" шекара заставасында жас сарбаздармен кездесті. Әскери өмірге жаңа қадам басқан шекарашыларға ауыл тарихы, тұрмысы, келешек даму жоспары жайында мағлұматтар берді. Жауынгерлік рұх, отансүйгіштік жөнінде пікір алмасты.

13 января 2025
Округте "Жыл үздігі 2024" қорытынды шарасы өтті.

30.12.2024 жылы округте жыл қорытындысы бойынша дәстүрлі салтанатты "Жыл үздігі 2024" шарасы өтті. " Мейірімді жүрек", "Үздік аула", Ұйымшыл көше", "Бірлік" аталымдары бойынша сыйлықтар тапсырылды. Округтің әлеуметтік, рухани, мәдени дамуына үлес қосқан ауыл тұрғындары марапатталды. Сонымен қатар 1988 жылғы туған ауыл азаматтарының демеушілігімен округ әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті. 

 

25 декабря 2024
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Болат Исахановтың төрағалығымен Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.
Күн тәртібінде жұмыс тобының құрамын және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері, Іле ауданы мен Ұйғыр ауданында мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері қаралды.
Отырыс барысында Іле ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Жарылқасын Яхия мен Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Өмірсерік Үстембайдың баяндамалары тыңдалды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы