Ағымдағы жылдың 10 - сәуір күні "Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.
Қазақсан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2023 жылы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2 өтініш қабылданды, Оның ішінде:
1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0.
2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 1 өтініш.
3. «Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – мемлекеттік қызметі бойынша өтініш 1-тіркелді.
4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 1 өтініш.
5. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
6. "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметі бойынша өтініш тіркелмеді.
Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен электронды қызметтерді танымал ету мақсатында «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде:
1.Кеген ауданы «Қарабұлақ ауылдық әкімшілік аппараты» ММ-де 2 наурыз 2023 жылы «Электрондық қызметтерді» танымал ету бойынша акция өткізілді.
2.2023 жылдың 29 наурыз күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан санаулы уақытта жылдам түрде алуға болады. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де Егов порталы арқылы қызметтер алуға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
3.2023 жылдың 29 наурыз күні Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Нақты уақытта электрондық қызмет» атты дөңгелек үстел өткізілді.
4.2023 жылдың 13 маусым күні Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан санаулы уақытта жылдам түрде алуға болады атты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
5.2023 жылдың 13 маусым күні әлеуметтік желілерге «психоневрологиялық диспансерден анықтаманы еGov mobile арқылы алуға болатынын білесізбе?» атты бейнеролик жарияланды.
6.2023 жылдың 13 маусым күні ауылдық округ тұрғындарына мобильді қосымшаларды насихаттау жұмыстары жүргізілді.
7.2023 жылдың 10 тамыз күні Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзін-өзі қызмет көрсету бұрышынан санаулы уақытта жылдам түрде алуға болады атты түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
8.2023 жылдың 10 тамыз күні Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
9.2023 жылдың 10 тамыз күні ауылдық округі әкім аппараты қызметкерлері мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан қызмет алушы тұрғындармен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы «Жылдам әрі оңай үйден шықпай қызмет алайық» атты семинар кеңес өткізілді.
10.2023 жылдың 10 тамыз күні ауылдық округ тұрғындарына мобильді қосымшаларды насихаттау жұмыстары жүргізілді.
11.2023 жылдың 2 қараша күні әлеуметтік желілерге «АЕК алушының мәртебесі» туралы бейнеролик жарияланды.
12.2023 жылдың 2 қараша күні аудандық Қарқара газетіне № 38-39 (255-256) санында «Цифрлық құжаттар» тақырыбында мақала жарияланды.
Округ әкімі апаратындағы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2023 жылы 89 электрондық қызмет көрсетілді.
Халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, қағидалар жазылған стенд ілінген.
Қызметтерді уақытылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізгі бағыты болып табылады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет бекітілген мерзімде көрсетілді, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым келіп түспеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алмады.