хаттама

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018  жылғы 10 қаңтардағы  «Орталық  атқарушы органдар басшыларының  халыққа есеп беру  кездесулерін өткізу туралы» 2018  жылғы 10 қаңтардағы  №622  Жарлығына сәйкес Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлының Қарабұлақ ауылы тұрғындарымен кездесуінің
 
№ 1 Х  А Т Т А М А С Ы 
 
Қарабұлақ ауылы                                       5 наурыз 2024 жыл 
 
Қарабұлақ ауылдық округі елді мекен уәкілдері мен ауыл тұрғындарының жиыны А. Нүсіпбеков ауылындағы мәдениет үйінде сағат 1000 – де басталды.
 Жиналысқа 90  адам шақырылған, шақырылғандар толық қатысты.
Есепті кездесудің модераторы:аудандық маслихаттың төрағысы Нұғыманов Алмас Нөкербанұлы  
Хатшысы: Н.Мәсімбай – Құрылымдық бөлімше басшысы
 
Ж и н а л ы с қ а      қ а т ы с у ш ы л а р  :
Кеген ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Самат Құрманәліұлы, сонымен қатар ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, анала кеңесінің төрайымы мен мүшелері, жастар ұйымы, қоғамдастық жиын төрағасы мен мүшелері, мекеме басшылары толығымен қатысты.
К Ү Н      Т Ә Р Т І Б І Н Д Е :
1. «Кеген ауданының 2023 жылғы атқарылған жұмыстары мен 2024 жылға алда тұрған әлеуметтік-экономикалық жағдайы және даму перспективалары» туралы Кеген ауданы әкімінің есебі.
Баяндамашы:
1.Кеген  ауданының әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы.
 
1. Т Ы Ң Д А Л Д Ы :
1.  Т Ы Ң Д А Л Д Ы :
 Аудан әкімі М.Н.Теңізбаевтың «Ауданның әлеуметтік – экономикалық  дамуы бойынша 2023  жылы атқарған жұмыстарымен 2024 жылы алда тұрған міндеттері туралы» есепті баяндама жасады. 
 
Сөйлеушілер:
 Е.Қожахметов – Ауыл тұрғыны.
Құрметті ауыл тұрғындары, ауданнан келген қонақтар 2023 жылы атқарылған жұмысқа егжей тегжейлі тоқталдыңыздар. Баяндамадан түсінгеніміз бойынша өткен жылы аудан көлемінде үлкен іс-шаралар атқарылып, бір қатар өзекті мәселелер шешімін тапқанын білдік.Менің сұрағым өздеріңіз білесіздер ескі мектеп деп айтамыз , бала-бақша болған ағаштан қиып салынған мектеп тұр. Аталған ғимарат білім бөлімінде есепте тұрған болу керек. Осы ғимаратқа күрделі жөндеу жұмысын жасап мұражай жасауға көмектессеңіздер.
Алимов Абикей- Қарабұлақ орта мектебінің мұғалімі
Құрметті аудан әкімі, мекеме басшылары. Өткен жылы атқарылған маңызды шаруалармен таныстық , алда атқарылар жұмыстың жоспарымен танысып біздің округта атқарылатын жұмыстар туралы кеңінен білдік. Осы Қарабұлақ ауылына келетін республикалық маңызы бар авто-жолдың бойында таудан аққан қар-жаңбыр сулары авто-жолға жайылып кетеді. Осы суларға көпір салуды және осы авто-жолда ауылға келетін туристер тасымалдайтын автобустар мен жеңіл көліктер қатты жылдамдықпен жүреді , сондықтан ауылдың ішіне төрт-бес жерге жол кедергісін қоюды басты назарға алсаңыздар екен.Менің ұсынысым осы,тыңдағандарыңызға рақмет.
Н.Мамытбеков –Ақсақалдар алқасының мүшесі.
Құрметті ауданнан келген басшылар, аудан әкімі. 
Бүгінгі жиында атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жұмыстардан хабардар болдық. Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйіінің күрделі жөндеуі алдағы уақытта қаржы бөлінсе жасалатынын білдік. Мәдениет ошағы болса ауылдағы мерекелік шаралар мен осындай жиындар сол жерде өтетін еді. 
Екінші айтарым Қарабұлақ ауылындағы ФП-тің жеке ғимараты жоқ, пошта ғимаратының бір жағында тар жерде отыр. Осы ФП-ке жеке ғимарат салынып бөлек шыққан жағдайда да поша ғимараты тозып тұр. Осы поштаның жеке өзінде мекемемен байланысатын телефонда жоқ. Осы поштаға жеке байланыс телефонын орнатса және ғимаратын күрделі жөндеу жұмысын жасаса деген ұсынысым бар.    
 
Аудан әкімі Н.М.Теңізбаев тұрғындардан түскен ұсыныс пікірлерге жауап берді.
Қарабұлақ ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің бас қосу жиыны күн тәртібіндегі мәселелерді қарап , аудан әкімінің  баяндамасын тыңдап , сөйлеушілерден түскен ұсыныстарды қорытындылай келе
Қ А У Л Ы        Е Т Е  Д  І :
1.Кеген  ауданның әкімі Н.М.Теңізбаевтың есебі назарға алынып, 2023 жылғы атқарған жұмысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
2.Аудан әкімінің атына түскен ескертпелер мен ұсыныстар қаралып, оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілсін. Орындалу барысы тұрақты бақылауға алынсын.
 
                    Модератор:                                    А.Нұғыманов 
 
       Хатшысы:                                      Н.Мәсімбай
Дата публикации
26 марта 2024