Хаттама

№1 ХАТТАМАСЫ

 

Қарабұлақ ауылы                                                               04 қаңтар 2024 жыл

 

         Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің тұрғындары алдында демеушілікпен берілген  тас көмір туралы жиналысы Қарабұлақ ауылдық округінің мәдениет үйінде сағат 1500 – де басталды.

 Жиналысқа қауымдастық төрағасы, мүшелері 11  адам шақырылған, Жиналысқа барлығы 11 адам қатысты.

                                                                                                                                Қарабұлақ ауылдық округінің Қауымдастық төрағасы: Қ.Қойлыбаев,  хатшысы – Ә.Ақылбек

 

Жиналысқа қатысушылар:

Қауымдастық төрағасы – Қойлыбаев Қанат Ауғанбайұлы, хатшысы – Ақылбек Әділет Әуелханұлы, қауымдастық мүшелері қатысты.

   КҮН   ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Кеген ауданы Қарабұлақ ауылдық округіндегі демеушілік арқылы берілген «Шығыс СМУ» ЖШС тің 300 000 (үш жүз ) мың теңгеге алынған тас көмірді аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына таратып беру туралы.

Баяндамашылар:

Қарабұлақ ауылдық округінің қауымдастық төрағасы - Қойлыбаев Қанат Ауғанбайұлы

                                        ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қарабұлақ ауылдық округінің қауымдастық төрағасы  Қойлыбаев Қанат Ауғанбайұлы «Шығыс СМУ» ЖШС –тің демеушілік арқылы берілген тас көмірін аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына таратып беру туралы есепті баяндама жасады.

Сөйлеушілер:

         С.Ұзақов –ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, қауымдастық мүшесі зейнеткер.

         Құрметті ауыл тұрғындары, қауымдастық мүшелері атқарылған жұмысқа егжей тегжейлі тоқталдыңыздар. Баяндамадан түсінгеніміз бойынша ауылымызда аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек беретінін білдік. Демеушілік жасап, қолдау білдіріп жатқан азаматқа ауылымыздың атынан үлкен рахметімізді айтамыз. Қазақта «Жетім көрсең -жебей жүр» деген мақал бекерге айтылмаған. Енді осы тас көмірді ауылымыздағы жағдайы төмен отбасыларына тізімдеп, бөліп таратып берейік. «Шығыс СМУ» ЖШС –нің басшысына ауылымызға жасаған демеушілігіне үлкен алғысымды білдіремін.       

Қарабұлақ ауылдық округі қауымдастық мүшелерінің алдында күн тәртібіндегі қаралған мәселені талқылап, түскен ұсыныстарды қорытындылай келе

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қарабұлақ ауылдық округінің аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына демеушілік арқылы берілетін тас көмір төмендегі ауыл тұрғындарына берілсін:

  1. Абдикалыкова Маржан (жалғыз басты ана)
  2. Көшімбаева Күлтай (жалғыз басты )
  3. Алжанбаева Күміс (жалғыз басты)
  4. Шонкыбекова Клара (жалғыз басты)
  5. Жакипова Нұркүлсін (жалғыз басты)
  6. Меңсаева Дария (жалғыз басты)
  7. Тоқтарбек Рыскул (ІІ-топ мүгедек)
  8. Малыбеков Біржан (аз қамтылған отбасы)
  9. Кәріпбаева Жанна (аз қамтылған отбасы)
  10. Досияров (аз қамтылған отбасы)
  11. Тургунбаева Гулнар (аз қамтылған отбасы)

Көмірдің таратылуы  бақылауға алынып, тізімдегі азаматтарға таратылып, берілсін.

 

Жиналыс төрағасы                                Қ.Қойлыбаев

 

Хатшысы                                             Ә.Ақылбек

 

Дата публикации
05 марта 2024