GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Қызметі
Все материалы
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт
10 марта 2026
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні

Бөлексаз ауылдық округінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара өтті.

Ауылшаруашылығы мен жер қатынастары
16 февраля 2026
Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар

Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар «Ауыл аманаты», «Кең дала» «Күміс жас», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Жастар практикасы» субсидиялар мен қолдау шараларын алуда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық- түсіндіру жұмыстары 11 ақпан 2026 жылы Бөлексаз орта мектебінде өткізілді.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт
16 февраля 2026
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бөлексаз ауылдық округінде «Таза бейсенбі» жобасы жүзеге асырылуда. Акциясы аясында Ұлы Отан ескерткішіне тазалық жұмыстары жүргізілді, тарихи мұраға құрмет көрсету, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау. Ескерткіш – өткеннің аманаты, бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігі. ескерткіш маңы мен айналасын ретке келтірді.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт
16 февраля 2026
“Ана-отбасылық құндылықтардың жаршысы” атты көшелер байқауы

Кеген ауданы, Бөлексаз ауылы аналар кеңесінің төрайымы Акимжанова Гулнардың ұйымдастыруымен ауыл әкімі С.Құныпияевтың демеушілігі, мектеп директоры Ә.Халелқызының қолдауымен “Ана-отбасылық құндылықтардың жаршысы” атты тақырыбында ауылдық округте ынтымағы жарасқан келіндер жарысы, 7 көше бірігіп өткізілген шара.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт
15 января 2026
Бөлексаз ауылдық округінде Кеген аудандық мәслихат төрағасы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлының 2025 жылы атқарған жұмыстары бойынша есептік кездесуі өткізілді.

Бөлексаз ауылдық округінде Кеген аудандық мәслихат төрағасы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлының 2025 жылы атқарған жұмыстары бойынша есептік кездесуі өткізілді.
🔹 Кездесу барысында аудандық деңгейде жүзеге асқан маңызды жобалар мен бастамалар таныстырылып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарға тоқталды.
🔹 Ауыл инфрақұрылымын жақсарту, жастарды қолдау, әлеуметтік нысандарды жаңғырту, жол жөндеу және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бағытындағы нақты нәтижелер айтылды.
🔹 Жиынға округ тұрғындары, ауыл ақсақалдары, жастар және мекеме өкілдері қатысып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы
19 декабря 2025
Бөлексаз ауылының ішкі көшелері қардан тазартылды

Бөлексаз ауылының ішкі көшелері қардан толық тазартылды. Қар тазалау жұмыстары ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт
04 декабря 2025
“Aна – отбасы құндылықтарының жаршысы” атты тағылымды байқау

“Ішкі саясат бөлімі” ММ-нің қолдауымен
аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен
“Aна – отбасы құндылықтарының жаршысы” атты тағылымды байқау өтті.

Бұл шараға 12 ауылдық округтен 12 қатысушы келіп, өз өнерлері мен шеберліктерін ортаға салды.
Әр ана – отбасындағы мейірімнің, парасаттың, ізгіліктің символы.
Байқау барысында олар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ана болудың асыл мәнін көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша:
🥉 ІІІ орын – Бөлексаз ауылдық округінің қатысушысы Мукашева Толқын Еркінқызы иеленді.

Толқын Еркінқызына алғыс білдіреміз!
Отбасына береке, өміріне шаттық тілейміз!

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт
04 декабря 2025
областные соревнования по кокпару

С 25 по 29 ноября 2025 года в селе Шонжы Уйгурского района прошли соревнования по кокпару на Кубок акима Алматинской области.
Две команды Кегенского района одержали победу, завоевав 1-е и 3-е места!

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт
04 ноября 2025
мемлекеттік қызмет көрсету

Кеген ауданы "Бөлексаз ауылдық округі әкімі аппараты" ММ-де 03 қараша 2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін халыққа түсіндіру мақсатында акция өтті. Акцияға ауыл тұрғындары тартылды. Ауыл тұрғындарына 80 жаднамалық кітапшалар таратылды.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт
24 октября 2025
Ауыл әкімінің Республика күнімен құттықтауы

Құрметті ауыл тұрғындары!

Сіздерді Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1990 жылғы 25 қазанда мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы қазақ халқының мемлекеттілігін одан әрі жандандыру мен нығайту процесін алдын ала айқындай отырып, еліміздің жаңа тарихының анықтамалық нүктесі болды.

Содан бері өткен уақыт ішінде біздің елімізде тұрақты экономикалық жүйе құрылды, әлеуметтік сала үнемі дамып келеді, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Біздің жас Республикамыз өзін ірі интеграциялық идеялар мен бітімгершілік жобалардың бастамашысы ретінде танытқан халықаралық аренада да елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. 

Құрметті жерлестер!

Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында, бірлігіміз бен ынтымағамыздың арқасында біз үлкен жетістіктерге жеттік. Бүгін біздің еліміз болашаққа сенімді қадам жасауда. Қажырлы еңбек, бір-бірімізді құрметтеу және туған жерге деген сүйіспеншілік бізге ең өршіл мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетініне сенімдімін.

Осы жарқын және қуанышты мерекеде әр отбасына денсаулық пен амандық тілеймін!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы