Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес:
1.2024 жылдың 05-15 маусым аралығында Кеген ауданының «Бөлексаз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
3.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:
1)Кеген ауданының «Бөлексаз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2)Кеген ауданының «Бөлексаз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
4.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2023 жылдың 12 айы болып белгіленсін.
5.Кеген ауданының «Бөлексаз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы ішкі талдау аяқталған күні талдамалық анықтамамен таныстырылсын.
6.Ауылдық округ әкімінің 2023 жылғы 19 қыркүйек №34-ө н/қ өкімінің күші жойылған болып табылсын.