Жария талқылау

Ағымдағы жылдың 11 - сәуір күні "Бөлексаз  ауылдық округі әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.

Қазақсан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Бөлексаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 5

мемлекеттік қызмет көрсетеді.
        1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.

  1. «Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – мемлекеттік қызметі бойынша өтініш -0
  2. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
  3. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
  4. «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша өтініш тіркелмеді.

2023 жылы Бөлексаз ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер бойынша  өтініш түспеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алмады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану түспеді.

         23 мамыр 2023 жылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Қатысқан адамдар саны-19

24 мамыр 2023 жылы мемлекеттік көсетілетін қызметтер мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

30 мамыр 2023 жылы Электрондық қызметтерді танымал ету бойынша кезекті жәрмеңке және акция өткізілді, бұл іс-шараға ауыл тұрғындары қатысып, 250 жаднамалық кітапшалар таратылды.

15 маусым күні Кеген аудандық «Qarqara» қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газетіне  «ЭЦҚ қолданылу мерзімі» атты мақала шықты.

16 қазан 2023 жылы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау барысында жәрмеңке өткізілді.

24 қараша күні «Анықтама керек па?» атты видеоролик әлеуметтік желіге салынды.

24 қараша күні «ЭЦҚ кілтін қалай қайта шығаруға болады» атты электрондық мақала әлеуметтік желіге салынды.

22 желтоқсан күні Электрондық қызметтерді танымал ету бойынша кезекті жәрмеңке жіне ашық есік күні өткізілді.

«Бөлексаз   ауылдық  округі әкімінің аппараты» ММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп округтің (Instagram, Facebook) әлеуметтік желілерінде   өткізілген шаралар  жарияланып  отырды.

           Халықты   ақпараттандыру  үшін   мемлекеттік  көрсетілетін   қызметтер  тізілімі, қағидалар жазылған стенд ілінген.

          Қызметтерді  уақытылы, әрі сапалы  көрсету азаматтардың   қызметке ризашылық   деңгейінің  артуы – мемлекеттік  көрсетілетін қызметтің  тиімділігін  бағалау шартының  негізгі бағыты  болып  табылады.

          2023  жылдың қорытындысы  бойынша мемлекеттік  қызмет     бекітілген мерзімде   көрсетілді, жеке  және  заңды  тұлғалардың  тарапынан  шағым  түскен  жоқ. Округ әкімі апаратындағы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2023 жылы 106 электрондық қызмет көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 апреля 2024