50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған жоба;
Жасы: 50 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің 207 – бабының
1 – тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін;
Жұмыссыз ретінде тіркелу;
Жұмыстың бірінші жылы (1 – ші айдан бастап 12 – ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінің 70% - ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды, жұмыстың екінші жылы (13 – ші айдан бастап 24 – ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен 65% - ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды,
Жұмыстың үшінші жылы (25 – ші айдан бастап 36 – шы айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінің 60% - ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Мерзімі: 36 айдан аспайды.