"ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ- БОЛАШАҚ ТІРЕГІ" атты кездесу

"ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ- БОЛАШАҚ ТІРЕГІ" атты кездесу

"ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ- БОЛАШАҚ ТІРЕГІ" атты кездесу
Алғабас ауылдық округінде “Ұрпақ тәрбиесі - болашақ тірегі” атты кездесу болып өтті. Аталған кездесуге Кеген аудандық жастар ресурствқ орталығының жетекшісі Тоғжан Қанатқызы, Кеген аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бақытгүл Демежанқызы, Кеген аудандық маслихат хатшысы Алмасбек Нөкербанұлы және жастар қатысты. Қазақ руханиятынан сыр шертетін ойталқы әңгімелер айтылды. Өткен мен бүгін, бүгін мен болашақ жайлы терең мағыналы ойлар өрбіді. Жастардың руханиятына өзек болатын келелі оқиғалар айтылды. Сұрақ-жауап беріліп, аудиториямен пікір алмасылды. “Бүгінгі таңдағы қазақ жастарының болмысы қандай?, Болашаққа бағдарымыз қандай?” - атты сұрақтарға толық негізде жауап беріліп, келелі кездесу өтті. Кездесу соңында естелік суреттер түсірілді. Алдағы уақытта аталған тақырыпта басқосулар мен жүздесулер кең көлемде жүргізілетін болады.