
Қарқара ауылдық округінде ұйымдастырылған Кеген ауданының 40 жастан асқан ардагер спортшылары арасындағы кезекті біріншілікте Қарқара ауылдық округінің командасы бірінші орын алып аудан чемпионы атанды. Екінші орынды Жылысай үшінші орынды Алғабас ауылдық округінен келген командалар қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз.