
«Абай облысы Жаңасемей ауданының жер қатынастары» бөлімі мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 19 тамызда «Жаңарған Жаңасемей» газетінің №32 (43) санында жарияланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың өткізілмейтінін хабарлайды.
Конкурстың өткізілмеу себебі – конкурсқа қойылған жер телімдеріне қатысты жерге орналастыру жобаларына тиісті түзетулер енгізу қажеттілігі.
Жерге орналастыру жобаларына түзетулер енгізу жұмыстары аяқталғаннан кейін конкурс өткізу туралы ақпарат белгіленген тәртіппен қосымша хабарланатын болады.