Кеген ауданының Алғабас ауылдық округінің 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет   Кодексінің 79-бабының 1–тармағына, Кеген аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 қаңтардағы  «Кеген ауданының  ауылдық округтерінің  2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» №16-75 шешімін іске асыру мақсатында   Алғабас ауылдық округінің әкімі

 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024 – 2026 жылдарға арналған Алғабас ауылдық округінің бюджеті, оның ішінде  2024  жылға  келесі  көлемдерде бекітілсін:

1)  кірістер 193654 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 368066 мың теңге;

трансферттер түсімдері  7млн 493  мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы  нысаналы трансферттер 127801  мың теңге;

субвенциялар 7493 мың теңге;  

2) шығындар 123546 мың теңге;

3) таза бюджет тік кредиттеу 0 теңге;

Бюджеттік кредиттер 0 мың теңге;

Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;    

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 0 мың теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)0 теңге.

  1. Көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес 2024 жылға арналған ауылдық бюджеттің түсімдерін ерекшеліктер бойынша және шығыстарын кіші бағдарламалар бойынша бөлу бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.
Дата публикации
05 марта 2024