Статистикалық көрсеткіш

«Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жалпы 10 адам жұмыс жасайды. Оның ішінде:     5 мемлекеттік , 5 техникалық қызметкер. Ауылдық округке қарасты 3 елді мекенде  286 отбасында 1459 адам,                тұрады. 

Жеке  және заңды  тұлғалардан  қаңтар, ақпан айына  дейінгі түскен  өтініші бойынша:

Е-өтініш, Е-лицензия ақпараттық  жүйесі  арқылы  өтініш түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет  көрсету  бойынша 1  өтініш түсті. Бүгінгі күнге дейін кіріс   құжат - 37,  шығыс-54.

Documentollog- электронды  құжат айналым  жүйесі іске қосылды. Бүгінге    күнге  кіріс, шығыс  құжаттармен  жұмыстар  жүргізілуде.

Салық және бюджет түсімдері бойынша    2024 жылдың    қаңтар, ақпан айына мәлімет:

2023 жылғы жалпы салық болжамдары – 4 млн 27,0   2 айлық  қорытындысымен 513 мың теңгеге орындалды.

Табыс салығының болжамы  40 мың теңге болса, орындалғаны   289 теңге

Көлік салығы болжамы 1млн,800 мың  болса, орындалғаны 91 мың теңге

Мүлік салығы болжамы 39 мың болса, орындалғаны 3 мың теңге

   Жер салығы болжамы 20 мың теңге болса, орындалғаны 5 мың теңге

Жер пайдаланғаны үшін  төлем 152 мың  , орнындалғаны 60 мың теңге.

Бюджеттің орындалуы

 «Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы  қызметін қамтамасыз етуге  40 млн 589 мың теңге бөлініп, кәзіргі уақытқа дейін 32 млн 514 мың игерілді бюджет толығымен жыл соңына дейін игеріледі. Көше жарық шамдарына қаралғаны 2 млн 528 мың, тазалық жұмыстарына 560 мың, көгалдандыру жұмысына 1 млн, қар қүреу жұмыстарына 1 млн 76 мың қаралды.

Көше жарық шамдарын орнату бойынша 2023 жылы  Өңірлерді дамытудың  мемлекеттік бағдарламасының аясында  Ә.Молдағұлова, Х.Сәрсебаев көшелерінің бойына 81 бағана көше жарық шамдары орнатылды. Округ бойынша барлығы 252 бағана.

Алғабас ауылының  ішкі көше жолдарын  орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп. 8,5 шақырым жолға асфалт төсеніші төселді.

                       Ауыл шаруашылығы саласы

Ауылдық округ бойынша жалпы жер көлемі – 33 963 га. Оның ішінде: егістік жер – 2673 га,  шабындық жер – 109 га, жайылымдық жер – 30 376 га. 

Ауылдық округ бойынша мал басы: ірі қара – 3 499 бас, қой-ешкі – 18128 бас, жылқы – 2527 бас.

Ауылдық округте 46 шаруа қожалығы тіркелген.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы негізінде 12 бас асыл тұқымды бұқашықтар сатып алынып 109% орындалды.

        Қан алу,вакцина егу,жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық  жұмыстар жоспар бойынша жүргізілді. Округ бойынша қой-ешкіден 3 бас бруцлез анықталып тиісті орынға өткізіліп қаражаты төленді.

        Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер

Алғабас ауылдық округі бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмыс  жоспар бойынша 50 адам, орындалғаны 21 адам.  Жаңа жұмыс орны бойынша жоспар 65, орындалғаны 15 жаңа жұмыс орны ашылды.  Округте 2023 жыл бойынша 38  адам қоғамдық жұмысқа тіркеліп, 32 адам қоғамдық  жұмысқа тартылды. Әлеуметтік жағдайы томен отбасыларға ұдайы көмек көрсетіледі.

                                   Білім беру саласы

Ұ. Бағаев атындағы орта мектебінде  бүгінгі таңда  1-11-сыныптарда 143 оқушы, мектепалды даярлық сыныбында  10 оқушы  білім алуда.

2023 жылы мектеп бітірген оқушы саны - 8 бала, грантқа түскені-7 бала. Алғабас бастауыш мектебінде 1-4 сыныптарда   32  оқушы, Жіңішке бастауыш мектебінде 1-4 сыныптарда  7  оқушы  білім алуда. Мектептерде   әлеуметтік жағынан қорғалатын оқушылар саны  - 102,  көп балалы отбасы саны - 83. Ыстық тамақпен  95 бала қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі шағын орталықтарда  40  бала тәрбиеленуде.

                           Денсаулық саласы

Денсаулық сақтау мекемесінде  5 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді  2023 жылы 15 бала дүниеге келді, қайтыс болғандар 5 адам.

                      Спорт және мәдениет саласы

Ауылдық округте ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге ауылдық мәдениет үйінің  қызметкерлерімен бірлесе отырып, түрлі мәдени-көпшілік шаралар үнемі ұйымдастырылып отырады. Жалпы ауылдық округ бойынша спорт саласында 14 шара ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту  және кешкі уақыттарын ұтымды өткізу үшін дене шынықтырумен айналысатын тұрғындардың санын көбейту мақсатында спорт түрлерінен сауықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Барлық мерекелік іс -шаралар жоспары әзірленіп  42  шара өткізілді.

                                      Құқық қорғау саласы

Округ  аумағында қылмыстың алдыналу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 1 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады. 2023 жылы 1 есірткі бойынша қылмыс тіркелді.

Инвестиция бойынша

Округ бойынша жеке тұрғындардың өз қаражат есебінен – 18 млн 500 мың теңге, тұрғын үй бойынша-26 млн 240 мың, Жергілікті қаражат есебінен-5000 млн теңге «Нико Транс сервиз» ЖШС 10 млн теңгеге наубайхана, 5 млн теңгеге  газа блог шығаратын өндірісін ашып жұмысын бастады. Барлығы 64 млн 740 теңгеге инвестиция тартылды.  

 

Дата публикации
05 марта 2024