ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРДІ ТАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ШЫҚТЫ

ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРДІ ТАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ШЫҚТЫ

Кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасына іріктеудің қортындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті.

Бағдарлама Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында жүзеге асырылды. Байқауға қатысуға 45 педагог құжат тапсырған. Тиісті өңірлердің облыстық білім басқармалары жанынан үйлестіру кеңестері құрылып, құжаттар қаралды. Ережеге сәйкес келетін 16 педагогтің құжаты 1-ші кезеңге жіберілді. Олар Назарбаев зияткерлік мектептерінде тест тапсырып, эссе жазды.

Тестілеудің нәтижесінде 2-ші кезеңге төрт үміткер өтті. Олар министрлік жанынан құрылған конкурстық комиссиямен әңгімелесуге қатысты.

Нәтижесінде 4 үміткер бағдарламаға қатысуға іріктелді.

1) Олар: Жахан Жансұлу Тайғанқызы, бастауыш сынып мұғалімі (еңбек өтілі – 25 жыл). Біліктілік санаты: педагог-зерттеуші. Таңдаған өңірі: Түркістан облысы.

2) Төлеуғалиева Майра Александровна, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі (еңбек өтілі – 18 жыл). Біліктілік санаты: педагог-зерттеуші. Таңдаған өңірі: Алматы облысы.

3) Абишева Айнұр Абдижалаловна, тарих пәні мұғалімі (еңбек өтілі – 32 жыл). Біліктілік санаты: педагог-зерттеуші. Таңдаған өңірі: Алматы облысы.

4) Алибаева Баян Сатыбалдиевна, ағылшын тілі мұғалімі (еңбек өтілі – 9 жыл). Біліктілік санаты: педагог-зерттеуші. Таңдаған өңірі: Алматы облысы.

Айта кетейік, бағдарлама аясында педагогтерді қолдаудың бірқатар шаралары қарастырылған: 150%-ға дейінгі мөлшерде ынталандырушы қосымша ақы төлеу, сондай-ақ арнайы бағдарламаға қатысушы ЖОО түлектеріне «педагог-модератор», ал «педагог-сарапшы» мен «педагог-зерттеушіге» бір саты жоғары біліктілік санатын беру. Сондай-ақ, байқаудан іріктеліп, төрт облыстың біріне қоныс аударған мұғалімдердің балалары балабақшада, орта мектепте орынмен қамтылады және олармен еңбек шарты 5 жылға жасалады.