Қарағандылық оқушы Түркияда өткен халықаралық дрон жарысында үздік 10-қа кірді

Қарағандылық оқушы Түркияда өткен халықаралық дрон жарысында үздік 10-қа кірді

 

Turkiye Drone Race Dunya Kupasi 29 қыркүйекте Ыстамбұлда өз мәресіне жетті. Жарыста 15 елдің 70-тен астам ұшқышы қатысты. Қарағанды қаласының №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Муравьев Тимофей жеке есепте ТОП-10-ға кірді. Ұлттық құраманың ішіндегі Алматылық Dostyq School мектебінің оқушысы Даниял Қазымов рейтингте 23-орынға ие болды.

Осымен жас ұшқыштардың бәсекелестігі аяқталмайды, 2-6 қазан аралығында олар елді Аданадағы ең беделді Теknofest World Drone Cup чемпионатында ел намысын қорғамақ. Онда 32 елдің ұшқыштары бақ сынайды.

«Қазір дамыған елдерде дрондардың бағыты белсенді дамып келеді. Біздің команда алға жылжып, қазіргі әлем чемпиондарымен сәтті бәсекелеседі. Бүгін жаңа турнир басталды және біз оқушыларымыз ел намысын тамаша қорғайды деп сенеміз», — деп атап өтті «Ashyq Aspan foundation» қоғамдық қорының жаттықтырушысы Қайсар Есенғали.

Айта кетейік, Қазақстанда оқушылар биылдан бастап «Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы аясында ұшқышсыз ұшуды және пилоттық оқытуды бастайды.