
🔬Covid-19 пандемиясы жағдайында халықаралық жарыс қашықтан өтті.
🔬Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан осы турнирге іріктеу турлары мен Менделеев олимпиадасының жалпы рейтингісінің нәтижелері бойынша құрама команданың мүшесі болған 4 конкурсантты ұсынды.
🔬Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команданың барлық мүшелері қола медальға ие болды. Жеңімпаздар қатарында:
🔹Қайырбек Хайдар (Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»);
🔹Мужубаев Әбілмансұр (Нұр-Сұлтан қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»);
🔹Сейсенқұл Бақдәулет (Нұр-Сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты);
🔹Абдугафарова Кибриянур (Алматы қ. «Galaxy» халықаралық мектебі).
Халықаралық химиялық олимпиада (International Chemistry Olympiad-IChO) – бұл дарынды оқушыларға арналған химия пәні бойынша жыл сайынғы халықаралық олимпиада.