Педагогтердің жалақысын ұлғайту бойынша қабылданған шаралар туралы

Педагогтердің жалақысын ұлғайту бойынша қабылданған шаралар туралы

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес:

🖌2020 жылдың қаңтарынан бастап педагогтердің лауазымдық жалақылары 25%-ға көбейді. Педагогтердің лауазымдық жалақылары жыл сайын 25%-ға өсіп отырады және 4 жылдың ішінде педагогтердің еңбекақылары екі есеге артады.

🖌Сонымен қатар, біліктілік санаты бойынша:
📍педагогтерге лауазымдық жалақыдан 30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерде;
📍мектеп директоры мен олардың орынбасарларына лауазымдық жалақыдан 30-дан 100%-ға дейінгі мөлшерде үстемақылар енгізілді.

🖌2020 жылдың қыркүйегінен бастап дәптер тексеру мен сынып жетекшілігі үшін төленетін үстемақы көлемі екі есеге артады.

🖌Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 10 АЕК (27 780 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

🖌Одан бөлек, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының тәлімгерлік жүргізетін мұғалімдеріне 17 697 теңге мөлшерінде үстемақы төленеді.