Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау рәсімін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.
2023 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өңірлік Білім басқармаларымен кезекті аппараттық кеңесі барысында Орта білім беру комитетінің төрағасы Қ.Б. Жұмашев аттестаттау ережесіне енгізілетін өзгерістер және педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасын құруға бағытталған жұмыстар туралы баяндады.
Қазіргі уақытта барлық өңірлерде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары арасында кең түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аттестаттаудың жаңа Ережесін ағымдағы жылдың соңына дейін бекіту жоспарлануда.