Қарағанды облысына жұмыс іссапары

Қарағанды облысына жұмыс іссапары

Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевтың тапсырмасымен Орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы Қарағанды облысына іссапармен барды. Жаңа оқу жылының басталуына орай министрлік тапсырмаларының орындалуы жайымен танысты.

Іссапар барысында Сарань және Шахтинск қалаларына барып, білім бөлімдері басшылары Бактыбаев Арман Болатұлымен және Онсович Николай Брониславовичпен,  мектеп директорлары және ата-аналарымен кездесті.

    Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сабақтар кестесін тиімді жасау арқылы өткен оқу жылында 5 күн оқыған мектептер түгелдей сол форматта оқитын болады. Қарағанды облысы бойынша министрліктің 2020 жылғы 21 сәуірдегі 153 бұйрығы басшылыққа алынғанын облыстық білім басқармасы басшысы Г.Ш.Қожахметова мәлімдеді. Осы орайда, әрбір мектепке жеке ұстанымдар болуы тиіс: мектептің жобалық сыйымдылығы,  оқушылар саны, оқу кабинеттерінің саны және т.б. ескеріледі.

    Ең бастысы балалардың саналы тәрбие, сапалы білім алуы және қауіпсіздігі қамтамасыз етілгені аса маңызды.

     Сонымен қатар, комитет төрағасы Қ. Жұмашев Қарағанды қаласы мектеп директорларымен кездесіп, жаңа оқу жылындағы жаңалықтармен бөлісіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады