Мектептерде күрделі жөндеу барысы туралы

Мектептерде күрделі жөндеу барысы туралы

 

Қазіргі уақытта республика бойынша 150 мыңға жуық оқушы қамтылған 250 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. 250 мектептің 125 мектебі немесе 50% ауылдық жерлерде орналасқан.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін мектептердің ең көп саны Ақмола, Павлодар, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Аталған өңірлер әкімдіктерінің ақпараты бойынша мектептерді күрделі жөндеуді жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының мектептерін күрделі жөндеуді уақтылы аяқтау жөніндегі іс-қимыл Жоспарын іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға осы мәселе бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылды.

Орта білім беру ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізу мәселелері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің және өңірлер әкімдіктерінің тұрақты бақылауында.