Оқушыларымыз Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды

Оқушыларымыз Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды

Оқушыларымыз Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола.Еліміздің құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енді. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында.Сонымен бірге ұлттық құраманың басшылығы қатысушыларға тағы 2 алтын медальды қайтарып беру үшін апелляция берді.Балаларымыз Гимназиадаға алғаш рет қатысса да, ел намысын лайықты дәрежеде қорғап, жоғары нәтижелер көрсете білді. Олар әлемнің 70 елінен келген 3,5 мың оқушымен бақ сынасты.Оқушыларымызды әлемдік гимназиададағы жеңістерімен және жоғары жетістіктерімен құттықтаймын.Ұстаздарыңызға, жаттықтырушыларыңыз бен ата-аналарыңызға алғыс айтамын.Білім және ғылым министрлігі оқушылар арасында зияткерлік және спорттық олимпиадаларды дамыту жұмыстарын жалғастырады.