Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 183 оқушы алтын медаль жеңіп алды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 183 оқушы алтын медаль жеңіп алды

Республикалық олимпиаданың қорытындысы:183 оқушы алтын;274 оқушы күміс;462 оқушы қола медаль иеленді.Осылайша еліміздің түкпір-түкпірінен келген барлығы 919 оқушы жүлделі орындарға ие болды.Қорытынды Oqylyq.kz-те электронды форматта өтті. Академиялық адалдықты сақтау үшін олимпиада бейнебақылау жүйесімен, тәуелсіз бақылаушылармен қамтамасыз етілді.Енді жеңімпаздар іріктеуден кейін олимпиадалық резервке түсіп, оларға оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Қазақстанның намысын IMO сияқты ауқымды халықаралық олимпиадаларда қорғайтын Ұлттық құрама жасақталады.Айта кетейік, 2021 жылы республикалық олимпиадада 122 қатысушы алтын, 214 күміс және 349 қола медаль жеңіп алды. Биыл медальдар саны былтырғы жылмен салыстырғанда көп. Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 16 пән бойынша 266 805 оқушы, аудандық кезеңге 96 443 оқушы, облыстық кезеңге 14 369 оқушы қатысты, ал шешуші кезеңде 2 070 оқушы жүлделі орындарды сарапқа салды.Толық ақпарат https://daryn.kz сайтында жарияланады.