
Ерболат Бахтияров есімді желі қолданушысы: «Алтын белгі иегерлеріне ешқандай артықшылық пен жеңілдіктер болмаса, оған талпынып, тырысудың қажеті неде? Оған қоса, естуімше, былай бұлдайтын Алтын белгіде айтарлықтай алтында жоқ екен!?»,-деген қызықты сұрақ қалдырыпты.Оқырманымыздың сұрағына ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы «ЖЕЛІГЕ ШОЛУ» айдарында жауап берді.Гүлмира Кәрімова «Білім туралы» Заңға сәйкес «Алтын белгі» иегерлері жоғары оқу орындарына түсу кезінде басымдыққа ие екенін айтты. Мысалы, егер конкурс кезінде грантқа екі үміткер бірдей балл жинаса, онда «Алтын белгі» иегеріне артықшылық беріледі.Гүлмира Раинбекқызы «Алтын белгі» оқушыны ынталандыру тәсілдерінің бірі және оқушының үлкен жетістіктерге жету жолындағы алғашқы қадамы екенін атап өтті.